29.09.2023 ж. 129-НҚ бұйрығы
Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар Су"
шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерге уақытша өтемдік тарифті бекітуі туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15) тармақшасына, 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 222-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамына тарифтік смета шығындарының баптарын орындамауында көрсетілген "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін Атбасар әкімдігі жанындағы "Атбасар су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге уақытша өтемдік тариф осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 1 қарашада қолданысқа енгізіле отырып бекітілсін.
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 28 ақпандағы "Тарифтердің, тарифтік сметалардың, сараланған тарифтердің шекті деңгейлерін бекіту туралы" № 40-НҚ бұйрығының 1-тармағы және есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін төлемақы мөлшері реттелетін өндіріс, беру қызметтері, 2022 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жылу энергиясын бөлу және жабдықтау".
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 70-НҚ " Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Республикалық мемлекеттік мекемесінің № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының 1-тармағы- 2022 жылғы 28 ақпандағы " Тарифтердің, тарифтік сметалардың шекті деңгейлерін бекіту туралы, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін сараланған тарифтер мен төлемақы мөлшерінің мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруімен, сондай-ақ статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруіне байланысты мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімі (С.Қ. Ирсаев) осы бұйрықты Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4.Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифті қалыптастыру қағидаларының 228-тармағын орындау үшін күнтізбелік он күннен кешіктірмей тарифті қолданысқа енгізу туралы Тұтынушылардың назарына жеткізсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А. Қуандықұлына жүктелсін.
6.Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Басшы Д.Қалибеков
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің Ақмола облысы
Табиғи монополияларды реттеу
Комитеті Департаментінің 29.09.2023 жылғы № 129-НҚ
бұйрығына Қосымша
ТМС атауы: Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы "Атбасар Су"
ШЖҚ МКК
Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге сараланған тарифтер
|
Реттік № |
Атауы |
Өлшем бірлігі
|
Уәкілетті орган бекіткен теңге / Гкал (ҚҚСсыз) |
Уәкілетті орган бекіткен теңге / Гкал(ҚҚСсыз) |
|
2023 жыл |
2024 жыл |
|||
|
|
Орташа еңбек тарифі |
теңге / Гкал |
5 432,65 |
3 711,14 |
|
1 |
Жеке тұлғалар, оның ішінде |
теңге / Гкал |
3 444,81 |
2 599,05 |
|
1.1. |
есептеу құралымен |
теңге / Гкал |
1 722,40 |
1 299,52 |
|
1.2. |
есептеу аспаптары жоқ |
теңге / Гкал |
3 757,20 |
2 834,74 |
|
|
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшері |
теңге / Гкал |
131,88 |
99,50 |
|
2 |
Заңды тұлғалар, |
теңге / м2 |
5 937,50 |
4 479,73 |
|
2.1. |
есептеу құралымен |
теңге / Гкал |
4 156,25 |
3 135,81 |
|
2.2. |
есептеу аспаптары жоқ |
теңге / Гкал |
7 656,91 |
5 777,00 |
|
3 |
Бюджеттік ұйымдар |
теңге / Гкал |
14 856,65 |
7 293,24 |
|
3.1. |
есептеу құралымен |
теңге / Гкал |
9 935,10 |
3711,14 |
|
3.2. |
есептеу аспаптары жоқ |
теңге / Гкал |
22 280,69 |
4875,14 |