Құрметтi ауылдастар мен кездесуге келген қонақтар!
Ел Президентiнiң тапсырмасына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегi әкiмдердiң халықпен есеп беру кездесулерi билiк пен халықтың дәстүрлi сұхбаты болып табылады, халықпен есеп беру кездесулерiн өткiзудiң негiзгi мақсаты — тұрғындарды елдегi жүргiзiлiп жатқан реформалармен таныстыру. Мемлекет басшысымен елдiң алдағы жылдарға дамуы үшiн таңдаған стратегияны қолдай отырып, бiз қойылған мiндеттердi халық игiлiгiне орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдалануға ұмтылатын боламыз.
Борисовка ауылы әкiмi аппаратының қызметi халықтың өмiр сүру сапасы мен стандарттарын жақсартуға және экономикада жаңа табыстарға жетуге бағытталған.
Борисовка ауылының 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ағымдағы 2020 жылға арналған әкiмнiң iс-қимыл бағдарламасы.
1. Халық саны.
Борисовка ауылында халық саны 967 адам, оның iшiнде ер адамдар 498 адам, әйел адамдар — 469. Кеткендердiң саны -52 адам, келгендердiң саны -8 адам. 12 адам туылды, қайтыс болғандар саны — 11 адам. Өткен жылда көшiп қонудың сальдосы -43 адамды құрады.
Зейнеткерлер саны- 120 адам, мүгедектер саны -26 адам.
571 адам еңбеккеқабiлеттi, оның iшiнде «Аграрное» ЖШС — 95 адам, бюджеттiк салада — 62 адам жұмыс iстейдi.
2. Көлiк және байланыс.
Пошта бөлiмшесi жұмыс iстейдi. 2020 жылдың бiрiншi жартыжылдығында мерзiмдi басылымға жазылу 100% орындалды. Ауылда абоненттер саны 225 құрайды. Beeline, Kcell, Tele 2, Aktiv, Алтел ұялы байланыс қызметi де өз қызметiн атқарады.
Аудандық орталықпен тасымалды 2 жеке меншiк такси жүзеге асырады.
3. Ауыл шаруашылық.
2020 жылдың 1-шi қаңтарда ауыл аумағында 659 бас IҚМ, қойлар мен ешкiлер саны — 648 бас, жылқы — 115 бас, шошқа — 529 бас, 3737 — әр түрлi құстар бар.
2019 жылмен салыстырғанда IҚМ басы 10% — ға өстi, қой мен ешкi 10% — ға өстi, жылқы 19% — ға өстi, шошқа 10% — ға өстi.
Ауыл бойынша ауыл шаруашылық жерлерiнiң жалпы көлемi 38747 га, соның iшiнде егiстiк — 22844 га, жайылым — 10755 га, шабындық — 64 га, ауыл 3813.
Ауыл аумағында «Аграрное» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi орналасқан, ауыл шаруашылық жерлерiнiң көлемi 22412 га, соның iшiнде егiстiк — 19301га, жайылым — 3047 га, шабындық — 64га. қамтиды.
Мал саның санағанда: IҚМ -254 бас, жылқылар — 236 бас.
Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң орташа жылдық саны 95 адам, орташа жалақы көлемi — 118500 теңге. Ең басты бағыты — өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы.
Егiстiк алқабы — 2872 га, сұлы — 395 гектар. Тiркелген жабдықтардың саны — 121 бiрлiк. Шеберханалардың саны -6. 2019 жылы шығымдылығы 9,8 центнердi құрайды: бидай 9,8 ц / га, арпа — 10,2 ц / га, сұлы — 7,8 ц /га.
"Аграрное" ЖШС iс-шараларды өткiзуге: Наурыз мейрамына 50000 теңге, балаларды қорғау күнiне 40000 теңге, Жаңа Жылды өткiзуге 50000 теңге бөлiндi. Сондай-ақ, қарт адамдарды қолдау айлығы кезеңiнде «Аграрное» ЖШС 1 қазанда 370 000 теңге сомасына қайырымдылық түскi ас өткiздi.
Алынған субсидиялар: 95771,8 мың теңге, оның iшiнде гербицидтерге — 33141,8 мың теңге, инвестицияларға — 56568,6 мың теңге., тыңайтқыштарға- 6061,2 мың. теңге.
Тұрғындардан қоқысты шығару 300 тоннаны құрады. 485 млн. теңгеге өнiм сатылды. Әлеуметтiк салада бөлiнген қаражат сомасы 21900,0 мың теңгенi құрады, 11 айдағы зейнетақы жарналары- 8101,1 мың теңге.
"Бастау" ЖШС ауыл шаруашылық алқабы 10742 га, о.i. егiстiк 3749 га, жайылым 6993 га. Егiлген бидай 1842 га, шығымдылығы 12 ц/га, арпа 327 га, шығымдылығы 11,9 ц/га, бұршақ мен судан шөбi 697 га, шығымдылығы 40 ц/га, , зығыр 883 га, шығымдылығы 7,2 ц/га,.
4 шаруа қожалығы бар жалпы көлемдерi 629 га, осның iшiнде егiстiк — 266 га. Басты бағыты — өсiмдiк және мал шаруашылығы. Олардың иелiгiнде 36 бас IҚМ және 80 қой бар. 10 бас жылқы бар. Мал шаруашылығымен және құс шаруашылығымен айналысатын 2 жеке кәсiпкерде 8 бас IҚМ, 135 қаз бар.
4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
4.1 Бiлiм беру.
Ауыл аумағында «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмiнiң Борисовка орта мектебi» КММ орналасқан. Жаңа оқу жылында 140 оқушы бiлiм алуда. Оқыту тiлi — орыс.
Ұстаздар ұжымы 26 мұғалiмнен құралған. Мектеп интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныбы, лингофон-мультимедиялық кабинет, интерактивтi тақта бар.
бастауыш сынып Кабинетiнде (3,4-сыныптарда) электрондық құрал-жабдықтар бар: компьютер+интерактивтi тақта, кең жолақты интернетке қосылған.
Орыс тiлi, қазақ тiлi және физикасы кабинеттерiнде интерактивтi жабдықтар да бар. Мектеп «Kundelik» электронды оқыту жүйесiне қосылған.
2019 жылы он бiрiншi сыныпты 7 адам аяқтады, оның 3-уi колледжге түстi, 3-уi университетке түстi, 1-уi жұмысқа орналасты.
Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған, олардың 30 оқушысы жалпыға жаппай оқу қорынан тегiн, ал қалғандары ата-ана есебiнен тамақтанады.
Ауылда балаларды мектеп алды оқыту және тәрбиелеу қызметiн «Шаттық» шағын-орталығы атқарады.
Қызметкерлердiң 3 тәрбiешi мен 2 тәрбiешi көмекшiсi, балалар алаңы да жабдықталған. Шағын- орталыққа — 20 бала барады.
2019 жылдың жазында, жылу беру кезеңiне қажеттi 319 тонна көмiр әкелiндi.
"Аграрное" ЖШС демеушiлiк көмегi есебiнен директордың кабинетiне жөндеу жүргiзiлдi. Атбасар ауданы бiлiм бөлiмiмен Борисовка орта мектебi үшiн жаңа қазандық сатып алынды. Қазандықты орнатуға "Аграрное"ЖШС көмек көрсеттi. "Аграрное" ЖШС Борисовка орта мектебiнiң шатырын жөндеуге жалпы сомасы 1200 мың теңге жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды, төбе шатыры жөнделдi.
30-желтоқсанда Борисовка орта мектебiнде кәсiптiк бағдар беру клубының ашылуы өтедi.
Борисовка орта мектебiнiң барлық iс-шаралары "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтедi. Олимпиадаларға қатысады, бiлiм деңгейiн арттырады, оқытушылар курстарға, семинарларға қатысады, ашық сабақтар өткiзедi.
4.2 Денсаулық сақтау.
Ауылда медициналық қызмет көрсетудi дәрiгерлiк амболоториялық атқарады. Қызметкерлер саны 5 адам, техникалық персоналдың 2 адам. Жыл сайын халықты флюорографиялық қараудан тексеру жүргiзiлiп отырады. Жоспар бойынша 548 адам, тексерiлгенi — 566 адам. Аналар мен балалардың өлiмi байқалмады. Санитарлық-ағарту жұмыстары жүргiзiлуде. Жүктiлiктi ерте сатысында анықтау мақсатында. Ай сайынғы иммунопрофилактика жүргiзiледi.
Борисовка ауылы бойынша Damumed бал қосымшасына 340 абонент қосылған. 2019 жылдың шiлдесiнде Атбасар ауданының ОАА Борисовка ауылының тұрғындарына қызмет көрсету үшiн Борисовка дәрiгерлiк амбулаториясына автомобиль көлiгi (жедел жәрдем) бөлiндi. Штатқа жедел жәрдем жүргiзушiсi қабылданды.
4.3 Мәдениет.
Жастардың бос уақытын өткiзу үшiн үй-жай бар, онда әртүрлi мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiледi. 2019 жылы 120 мәдени-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi. Келушiлердiң саны — 1500 адам. Ауылдағы барлық мәдени шаралар «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтедi. ЖШС, ШҚ, ЖК, АМҮ, Борисовка ауылының әкiмi және мәдениұйымдастырушымен демеушiлiк көрсетiлдi.
4.4 Ауылдық кiтапхана.
Кiтап қоры 26956 дана. Жыл бойы кiтапханада 6212 келушiлер болған. Оқырмандар саны 635 адам. Өткен жылда 68 iс-шара өткiзiлдi (дөңгелек үстелдер, кiтап көрмесi, викториналар). 52 баланы қамтыған 3 үйiрме жұмыс iстейдi. 5- адам зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетiлуде. Кiтапханада кiтап көрмелерi, шолулар, әдебиет, сабақ-әңгiме, сайыстар, шығармашылық кештер, көрмелер, көркем фильмдер мен ертегiлер, әдеби музыкалық кештер және басқа да iс-шаралар өткiзiледi.
Кiтапханада косметикалық жөндеу, қабырғаларды әктеу, терезелердi, шкафтарды, есiктердi сырлау жүргiзiлдi. Кiтапхананы жөндеуге Борисовка ауылының әкiмi және зейнеткер Кудрин Вл.Л. көмек көрсеттi.
Ауыл аумағында «Нұр Отан» ҰДП партия ұйымы өз жұмысын атқарады, 74 партия мүшесi бар, ауылда атқарылып жатқан барлық iс-шаралардың ұйымдастырушы болып табылады.
4.5 Дене шынықтыру және спорт.
Ауылда сауықтыру өмiр салты бойынша және спортты дамытуда белгiлi бiр жұмыстар атқарылуда. Спорттан әдiскер болмаса да, ауыл жастары түрлi аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып жүредi. Атбасар ауданыңда Борисовка мектебi мектеп туризмi бойынша негiзi болып табылады. Хоккей корты да бар. Барлық спорттық iс- шараларының ортасы мектептiң спорт залы болып табылады.
Осы жылдың қыркүйек айында 10-сынып оқушылары Атбасар қаласында өткен күзгi марафонға барып, 5-орын алды.
5.Кәсiпкерлiк.
Ауылда шағын да орта бизнес дамуда. Кәсiпкерлiк экономикалық курстың өсiп келе жатқан күшi болып табылады. Ауылда 6 дүкен бар, 2 адам жолаушылар тасымалдайды, екеуi жазғы уақытта малдарды өрiске шығарады. Жеке кәсiпкерлер саны — 12 адам.
Кәсiпкерлiкпен айлысатындар саны — 14 адам.
Бастау Бизнес бағдарламасы бойынша 3 адам оқудан өттi. "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 1 адам мал шаруашылығын дамытуға ЖК, 1 адам сауда орнын ашса, 1 адамға "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасы аясында және қарапайым заттар экономикасы құс шаруашылығын жүргiзуге гранд берiлдi.
2019 жыл бойы Борисовка ауылы Көкшетау қ, Астана қ, Атбасар қалаларындағы жәрмеңкелерiн өткiзу бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға белсене қатысты.
6.Көркейту.
2019 жылы көшелердi жарықтандыру бойынша электр энергияға жергiлiктi бюджеттен 246,9 мың тг. жұмсалды.
Алдағы халық санағына байланысты 2020 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару қаражаты есебiнен Борисовка ауылының үйлерiне 321 дана аншлагтар сатып алынды, жалпы сомасы 545,7 мың тенге.
Көктемде және күзде абаттандыру бойынша айлықтар өткiзiлдi. Ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау мәселесi бойынша азаматтар жиыны өткiзiлдi, жиында iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Абаттандыру бойынша барлық жұмыстар бекiтiлген жоспарға сәйкес жүргiзiлдi.
«Аграрное» ЖШС және өз тракторларының иелерi күшiмен ауыл тұрғындарының үйлерiн шлактан, көң мен тұрмыстық қоқыстардан тазалау жүргiзiлдi.
Борисовка орта мектебiнiң, Дәрiгерлiк амбулаторияның және Мәдениет үйiнiң маңайында тазалық жұмыстары жүргiзiлдi. С.Клименко және Бейбiтшiлiк көшелерi бойынша қоқыс жиналды.
Айлық аясында мектеп жанындағы саябақ аумағында 20 қайың, 30 мамыргүл және жемiс-жидек ағаштары отырғызылды.
Орталық саябақ аумағында бұрынғы АМҮ алдында шырша көшеттерi — 10 дана, қайың-20 дана, гүл отырғызу үшiн гүлзар орнатылды. Сондай-ақ, машина ауласы, мехток, АЖС, МТШ, "Аграрное" ЖШС мал сою цехы және ауылдық тоған жанындағы бөгет аумағында 30 дана шырша, қайың-300 дана жасыл желектер отырғызылды.
Борисовка ауылының аумағында "Аграрное"ЖШС жалға алған ҚТҚ үйiндiсi және көң қоймасы бар. Қоқыс тастайтын жер аумағынан тыс жерлерде қоқысты таратпау мақсатында қоқыс тастайтын жер периметрiне топырақ үйiлген, сондай-ақ үнемi үйiндiнi бекiту
жүргiзiледi.
Ұлы Отан соғысының естелiк ескерткiшiне жөндеу жүргiзiлдi.
"Аграрное" ЖШС жолдарды грейдерлеу жүргiздi.
Қыс мезгiлiнде «Аграрное» ЖШС механикалық тобының күшiмен ауыл көшелерiн қардан тазалау жүргiзiледi. Сондай-ақ 4 адам ауылда халыққа жолдарды қардан тазалау қызметiн көрсетедi.
7. Учаскелiк полиция инспекторының жұмыстары
Ауылда «Аграрное» ЖШС ғимаратындағы толық жабдықталған полиция учаскесi орналасқан. 2019 жылғы қазанда Борисовка ауылының жаңа учаскелiк полиция инспекторы болып Қасенов Жәнiбек Мұратұлы тағайындалды. 3 ай iшiнде 247 мың теңге сомаға айыппұл өндiрiлдi.
8. Борисовка ауылы әкiмi аппаратының қызметi .
2019 жылына «Борисовка ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ 38 өкiм шығарылды, әкiмнiң азаматтарды жеке қабылдауында– 8 адам болды, барлығы 9 жиналыс өткiзiлдi.
Борисовка ауылы аумағында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.
9. 2020 жылға арналған мiндеттерi.
Ауылымыздың берекесi мен тiршiлiгi, ауыл әкiмi аппаратының және шағын бизнес қожалықтар басшыларының, бюджеттiк ұйымдардың және тұтастай алғанда халықтар арасындағы ауызбiршiлiкке байланысты, бұл қабiлеттiлiк алдымызға қойылған мақсатқа жетуге мүмкiндiк бередi.
Сөзiмдi аяқтай келе, Сiздерге зор денсаулық, жақсылық тiлеймiн. Назарларыңызға рахмет.
Борисовка ауылының әкiмi: Тушембеков М.Р.