Атбасар ауданының әкімі А. Ә. Қалжановтың «Атбасар ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы»

Атбасар ауданының әкімі А. Ә. Қалжановтың «Атбасар ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы»

Атбасар ауданының әкiмi
А. Ә. Қалжановтың «Атбасар ауданының
2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық
дамуының қорытындысы және
2020 жылға арналған мiндеттерi туралы»

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегi «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында ауданда маңызды жұмыстар жүргiзiлдi. Қазiрдiң өзiнде елеулi жобалар iске асырылды. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып келедi. Тұрғын үй салынуда, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру үшiн қажеттi әлеуметтiк нысандар салынуда.

Ағымдағы жылы ауданымыз қарқынды даму үстiнде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика өсiмiн қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнiндегi тапсырмалары орындалып жатыр.

Нақты сектор

Ауданның аграрлық секторында 258 шаруашылық субъектiлерi қызмет атқарады, оның iшiнде 57 ЖШС, 180 шаруа қожалығы.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 36 млрд. 489 млн. теңгенi құрады, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 31% — ға жоғары (2018 жылы -27 млрд. 859 млн. теңге). 390 га алаңда дәндi және дәндi-бұршақты дақылдарды жинау бойынша жұмыстар аяқталды, өнiмдiлiк 11 ц/га құрады, 47 мың тонна немесе 100% себiлдi.

Жалпы алым:

390 мың га алаңнан — 435 мың тонна дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар өнiмi алынды, өнiмдiлiгi 11,2 ц/га (394 мың га алаңнан 2018 жылы-493 мың тонна өнiм алынды, өнiмдiлiгi 12,5 ц/га), көрсеткiш 58 мың тоннаға төмен;

Майлы дақылдар — 19,6 мың га алаңнан 13,2 мың тонна өнiм алынды, өнiмдiлiгi 6,7 ц/га (19 мың га алаңнан 2018 жылы — 15 мың тонна өнiм алынды, өнiмдiлiгi 7,6 ц/га), көрсеткiш 1,8 мың тоннаға төмен;

Көкөнiс — 138 га алаңнан 1803 тонна алынды, өнiмдiлiгi 130,8 ц / га (2018 жылы-136 га алаңнан 2264 тонна өнiм алынды, өнiмдiлiгi 165,9 ц / га), көрсеткiш 461 тоннаға төмен;

Картоп — 956 га алаңнан 15,4 мың тонна, өнiмдiлiгi 161 ц / га (2018 жылы-955 га алаңнан 16 мың тонна алынды, өнiмдiлiгi 210 ц / га), көрсеткiш 0,6 мың тоннаға төмен;

Күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге 6,5 мың тонна (100% таңдалған) арзандатылған кепiлдi дизель отыны бөлiндi.

Ылғал ресурстарын сақтау технологиялары 300,0 мың га алқапта қолданылды, бұл дәндi дақылдардың егiс алқабының 70% — ын құрады.

Жыл сайын мемлекет өсiмдiк шаруашылығында тыңайтқыштардың, тұқымдардың, гербицидтердiң құнын арзандатуға субсидия төлеу түрiнде қолдау көрсетедi, оған 2019 жылы 650 млн.теңге қаражат бөлiндi.

Жыл басынан берi ауданның аграрлық қызметкерлерi машина-трактор паркiн жаңартты, 9 трактор (AXION 820, 950, Беларус 82, К-744Р1), 16 астық жинайтын комбайн (Tucano 440, РСМ-102 ACROS-550), 8 егiс кешенi (Morris) сатып алынды. Осы бағыттағы жұмыс әле де жалғасуда.

Мал шаруашылығы

Мал мен құс басы:

өсiм:

IҚМ 0,6% — ға өстi, 31,4 мың басты құрады;

сиыр 2,2% — ға өстi, 16,1 мың басты құрады;

қой мен ешкi 2,7% -27,5 мың басқа дейiн өстi ;

жылқы 4,5% — ға-12,4 мың басқа дейiн артты.

азаю:

шошқа 11,3% -9,6 мың басқа азайды.

өндiрiлген:

тiрi салмақта 4 663 тонна ет, 4,3% төмендедi ;

сүт 22 380 тонна, 2018 жылдың деңгейiнде;

жұмыртқа 8 311 мың дана, 2% дейiн өстi.

Тұқымдық түрлендiруге 6,2 мың бас IҚМ аналық мал басы қатысады, бұл жалпы аналық мал басы санының 41% құрайды.

Мал шаруашылығын дамытумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға 68 млн.теңге субсидия төлеу түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi.

22 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өткiзiлдi (2-Астана қаласында, 3-Көкшетау қаласында, 17-Атбасар қаласында), жалпы сомасы 61 млн.теңгеге өнiм сатылды.

2020 жылға арналған мiндеттер:

Ауыл шаруашылығы дақылдары өндiрiсiн әртараптандыруды жалғастыру және майлы дақылдар, картоп, көкөнiс өндiрiсiн, сондай-ақ жем-шөп дақылдарын өндiрудi ұлғайту- мал шаруашылығын дамыту келешегi үшiн негiз болып табылады.

Машина-трактор паркiн жаңарту.

Мал мен құстың барлық түрлерiнiң санын көбейту.

Мал табынының сапасын жақсарту және берiк жемдiк база құру жолымен ауыл шаруашылығы малдарының өнiмдiлiгiн арттыру.

1200 бас IҚМ аналық мал басына арналған сүт-тауар фермасын салу («Бастау»ЖШС).

400 бас IҚМ бордақылау алаңының құрылысы («Арип Агро»ЖШС).

Сұлы қауызын өндiретiн фабрика құрылысы («Арип Агро»ЖШС).

50 мыңға жететiн жұмыртқалайтын тауық өсiретiн құс фабрикасының құрылысы (жылына өнiм-11,5 млн. дана жұмыртқа) («Интер Трайд» ЖШС).

Ветеринариялық-профилактикалық жұмыстар

Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 55 млн.теңге жiберiлдi.

Малдарды сiбiр жарасына, құтыруға, эхинококкозға, ринопневманияға, эмкарға қарсы толық көлемде вакцинациялау және дегельминтизациялау жұмыстарын жүргiзiлдi.

Диагностикалық зерттеулер

бруцеллезге: IҚМ-41922 бас зерттелдi, оң нәтиже берген малдың саны-45 бас, ҰҚМ-46 765 бас зерттелдi, оң нәтиже берген мал саны-6 бас, 5570 бас шошқа зерттелдi, оң нәтиже берген мал жоқ, 76 бас жылқы зерттелдi, оң нәтиже берген мал анықталған жоқ.

Туберкулезге: IҚМ 39500 бас мал зерттелдi, оң нәтиже берген малдар болмай шықты, шошқаның 4350 басы зерттелiп, оң нәтиже берген мал анықталмады, жылқының 4350 бас зерттелдi, оң нәтиже берген малдар жоқ.

Бруцеллезбен ауыратын ауыл шаруашылығы малдарының (iрi қара және ұсақ мал) құнын өтеуге 13 млн.теңге төлендi.

Сәйкестендiрiлген ауыл шаруашылығы жануарлары: жалпы сомасы 13 млн.теңгеге, IҚМ 12,3 мың бас (116%), ҰҚМ 14 мың бас (116%) шошқа 4,8 мың бас (105%), жылқы 3,4 мың бас (100%).

Өнеркәсiп.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өндiрiлген өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 19 млрд. 489 млн. теңгенi құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 1,2% жоғары.

Өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгi 9 млн. теңгенi құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 2% артық.

Өнеркәсiптiң iрi кәсiпорындары болып табылады:

«Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы «АЭЖЗ» 7 455 млн. теңге сомасына өнiм шығарды, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 2,5% жоғары.

Ауданның өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудiң жалпы көлемiндегi үлес салмағы 38% құрады.

«Аждар и К» ЖШС 2 586 млн. теңге сомасына өнiм шығарды, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 11% артық.

«Атбасар технопарк» ЖШС шығарылған өнiм көлемi 422 млн.теңгенi құрады, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 2% жоғары.

2020 жылға арналған мiндеттер:

Iрi және орта кәсiпорындар бойынша өнеркәсiптiк өнiм көлемiн өндiру қарқынын төмендетпеу.

Инвестициялық жобаларды iске асыруды жалғастыру.

Кәсiпкерлiк

Бөлшек тауар айналымының көлемi 9 млрд.35 млн. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 100% құрайды.

Ауданда 2397 шағын және орта бизнес субъектiлерi тiркелген, оларда 6,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 172 қатысушы оқудан өттi, 10,4 млн.теңге сомасына 37 адам гранттық қаржыландыруға ие болды. Мал шаруашылығын дамытуға 63,5 млн.теңге сомасында 20 адам несие алды.

«Жас кәсiпкер» жобасы бойынша жалпы сомасы 10,1 млн.теңгеге 20 адам гранттық қаржыландыруға ие болды.

«Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында екiншi деңгейлi банктер 250 млн. теңге сомасына 6 несие бердi (айналым қаражатын толықтыру, азық-түлiк дүкенiн сатып алу, тез тамақтану асханасы, ТҚС ашу).

2020 жылы 300 млн. теңгеден астам сомаға несие беру жоспарлануда: (супермаркет ашу, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу (жүк тиегiш), бөлме аралық есiктердi дайындау).

Жыл басынан берi 6 жаңа сауда нысаны ашылды.

2020 жылға арналған мiндеттер:

Шағын бизнестiң белсендi кәсiпорындарының санын арттыру.

Бөлшек тауар айналымының көлемiн ұлғайтуды қамтамасыз ету.

Тұрғындардың, соның iшiнде жастардың кәсiпкерлiктi дамыту бойынша мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуын жандандыру.

Инвестициялар

Негiзгi капиталға инвестиция көлемi 6 млрд. 559 млн. теңгенi құрады, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 9% — ға жоғары (6 млрд.4 млн. теңге). Негiзгi капиталға инвестициялардың ҚҚК 101,7% құрады.

Инвестициялардың негiзгi көзi кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың меншiктi қаражаты болып табылады, олардың үлесiне 3 млрд.637 млн. теңгеден келедi.Қаражат құрал-жабдықтар сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталды.

12,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.

Үш 45 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Жыл соңында көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтiк осал топтарына арналған 45 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2 млрд. 199 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 5 млрд.590 млн. теңге).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Сепе ауылында су құбыры желiлерiнiң құрылысы жүргiзiлдi (422 адам ауыз сумен қамтамасыз етiлдi).

Покровка және Шуйское ауылдарында су құбыры желiлерi мен ғимараттарын қайта жаңарту жұмыстары жүргiзiлуде, ол жұмыстар 2020 жылы аяқталады. Осы жобалар аяқталғаннан кейiн 1,3 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтамасыз етiледi.

Набережная және Қазақстан көшелерi (мұнай базасы ауданы) бойынша 50-ден астам үйлердi электр қуатымен қамтамасыз ету үшiн қосалқы станция сатып алынып, орнатылды.

2020 жылға арналған мiндеттер:

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының үздiксiз аяқталуын қамтамасыз ету және 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргiзу.

Су тасқыны жағдайына жол бермеу мақсатында iс-шараларды уақытылы өткiзу.

Елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргiзу.

«Атбасар-Сочинское» автокөлiк жолының 19 шақырымында көпiр құрылысын жүргiзу.

Мариновка ауылында Ыбрай Алтынсарин және Болашақ көшелерi бойынша электрмен жабдықтау желiсiнiң құрылысын жүргiзу.

Шуйское ауылындағы су құбыры желiлерi мен құрылыстарын қайта жаңартуды аяқтау (2 кезең).

Атбасар қаласында блок-модульдiк қазандық құрылысын жүргiзу.

Атбасар қаласында бес жүз пәтерлi тұрғын үйлерге жылу желiлерiн салып орталық қазандықты қайта жаңарту, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан өткiзе отыра, жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу.

Жолдар

Атбасар қаласының: Ағыбай батыр, Қошқарбаев, Л. Белаш, Ш. Уәлиханов, Веденеев, Әуезов, Қазақстан, А. Құрманов, Нұрсейiтов, М. Маметова, Қуанышев, Қанай би, Майқұтов, Жеңiс, Сейфуллин, Ағыбай батыр көшелерi бойынша жалпы көлемi 7 мың шаршы метрден астам көше-жол желiсiне шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

«Шуйское-21» ЖШС қаражаты есебiнен ұзындығы 8 км. Шуйское ауылынан бастап Макеевка ауылына дейiн облыстық маңызы бар «Атбасар-Шуйское-Макеевка» автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Ұзындығы 60 км «Новомариновка — Есенгелдi» автокөлiк жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Ұзындығы 1571 п. м. автомобиль жолын қайта жаңарту жүргiзiлдi (Ағыбай батыр көшесiндегi «Олимп» ДСК-нен Нұрсейтов көшесiндегi «Қазақстан» дүкенiне дейiн). Қоғамдық көлiкке арналған 10 аялдама алаңы, бағдаршам нысандары, тротуарлар, жол белгiлерi орнатылды.

Ұзындығы 57,5 км Атбасар — Сочинское, Атбасар — Қима бағыттары бойынша облыстық маңызы бар автокөлiк жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

168 жол белгiлерi сатып алынды және орнатылды.

2020 жылы жоспарланып отыр:

Атбасар қаласындағы автокөлiк жолдарының көше — жол желiсiне орташа жөндеу жүргiзу.

Атбасар қаласында тротуарларға орташа жөндеу жүргiзу.

Ақан Құрманов ауылдық округi бойынша кентiшiлiк жолдарды ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстарын жүргiзу.

Бастау ауылына кiрме жолға ағымдағы жөндеу жүргiзу.

Тимошевка ауылындағы асфальт-бетонды жабыны бар кiрме жолға ағымдағы жөндеу жүргiзу.

Абаттандыру

жұмыстар жүргiзiлдi:

- орталық көшелердi қоқыстан тазалау жұмыстары;

- жалпы ауданы 3 500 ш. м. гүлзарларды отырғызу, күтiп ұстау және қызмет көрсету;

- 58 дана қоқыс жәшiктерi дайындалды және орнатылды;

- ағаштар қырқылды, арамшөптер шабылды;

- Қанай би, А. Құрманов, С. Сейфуллин, Жеңiс, Нұрсейтов, ЖБК кентi, Әуезов, Л. Белаш, Ағыбай батыр көшелерiндегi 55 автобус аялдамаларын күтiп-ұстау (Ақтау және сырлау) бойынша жұмыстар.

- ЖБК кентiнде 9 элементтен тұратын металл балалар алаңы орнатылды, сонымен қатар Майқұтов көшесiнде 12 спорт элементтерi орнатылды. ЖБК кентiнiң тұрғындары бұрынғы апатты қоқыс тастайтын жерде Достық көшесiнде спорт алаңын жабдықтады, көшеге жарық шамдары және бейнебақылау камерасы орнатылды.

-2 қалалық жағажайларды абаттандыру бойынша жұмыстар;

- 25 автобус аялдамасын бетондау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi;

- орталық алаңда және Қазақстан көшесiнде бейнебақылау камералары орнатылды;

Жыл басынан берi 6,3 мың адамның қатысуымен 94 сенбiлiк және таза бейсенбiлер өткiзiлдi, 25 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

«Жеңiс» саябағына жөндеу жүргiзiлдi, саябақта жарық шамдары орнатылды, кiрме жолдарға асфальт төселдi.

«Жастар» саябағын жайластыру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi (кiшi сәулет формасын, қоршаулар, орындықтар орнату, гүлдердi және қарағай көшеттерiн отырғызу, көшенi жарықтандыру шамдарын орнату, тротуарды жөндеу).

Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Жауынгер-интернационалистерге арналған» ескерткiштi қайта жаңарту жұмыстары жүргiзiлдi.

Темiржолшылар саябағында «Бiрге таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекеттiк мекемелер, бiлiм беру нысандары, темiржол ұйымдары, жеке кәсiпкерлердiң қатысуымен сенбiлiк ұйымдастырылды, жарық шамдар орнатылды, балалар ойын алаңы жөнделiп, абаттандырылды, саябақтың қоршаулары тиiстi қалыпқа келтiрiлдi.

Су тасқынына қарсы iс-шаралар.

Атбасар ауданы бойынша «2017-2020 ж.ж. су тасқыны қатерлерiнiң алдын алу және жою бойынша шаралар кешенi» жол картасының iс-шараларын орындау шеңберiнде Атбасар қаласы Жабай өзенiнiң арнасын Жыланды және Жабай өзендерiнiң қосылуынан Есiл өзенiне Жабай өзенiнiң құйылысына дейiн тереңдету жұмыстарын жүргiзу бойынша iс-шаралар жоспарланған, жұмыстар 2020 жылы басталады, Атбасар ауданының Мариновка, Борисовка, Садовое ауылдарында қорғаныс бөгеттерiн салу бойынша жұмыстар, iске асыру мерзiмi 19 ай.

Су тасқынына қарсы iс-шараларға: жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, дизельдi отын, бензин, қаптар сатып алуға аудан бюджетiнен 2020 жылға 9,3 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiндi.

Салықтар

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттiк бюджетке 3 785 млн.теңге (болжамға 123%) салық және басқа да мiндеттi төлемдер түстi, оның iшiнде республикалық бюджетке 927 млн. теңге (116%), жергiлiктi бюджетке 2 857 млн. теңге (125%), оның iшiнде аудан бюджетiне 2 097 млн. теңге (135%).

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

Экономикалық белсендi халықтың саны 28 790 адамды құрайды.

Iрi және орта кәсiпорындарда жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер саны 8 958 адамды құрады.

Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны барлығы 1 293, оның iшiнде экономика салаларында: ауыл шаруашылығы -121; құрылыс -72; көлiк және қоймалау- 37; саудалау және автокөлiктердi жөндеу- 211; экономикалық қызметтiң басқа түрлерi бойынша- 121 адам жұмысқа орналасты.

«ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасын iске асыру аясында ауданның меценаттары қайырымдылық қызметке белсендi қатысады. 2019 жылы аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық туралы 5 меморандум жасасу нәтижесiнде 5 тұрғын үй сатып алынды:

- «Нұр-777» ЖШС Магдалиновка ауылында көп балалы аз қамтылған отбасы үшiн 1 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алды.

- «Шуйское XXI» ЖШС Атбасар қаласында тұратын аз қамтылған көп балалы отбасына 5 млн. теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға сертификат бердi.

- «Алтын дән» ЖШС Родионовка ауылындағы көп балалы отбасына 3,5 млн. теңге сомасына абаттандырылған пәтердiң кiлтiн табыс еттi.

- «Алком Агро» ЖШС Ново-Мариновка ауылында көпбалалы отбасы үшiн 1 млн.теңгеге пәтер алды.

- «Новосельское» ЖШС Новосельское ауылында аз қамтылған отбасына 300 мың теңгеге пәтер сатып алды.

Бюджет қаражаты есебiнен Атбасар қаласында 3 бөлмелi пәтер сатып алынды, көпбалалы ана Т.Марчукке үйдiң кiлтi табыс етiлдi.

Ағымдағы жылдың екiншi жарты жылдығында облыстық бюджет қаражаты есебiнен көп балалы аналар мен көп балалы отбасылардан шыққан балалардың жеңiлдiкпен жол жүруi қамтамасыз етiлдi.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтiк көмек 671 отбасына 298 453 мың теңге төлендi.

Орташа айлық жалақы 2019 жылғы қаңтар — қыркүйекте 126 575 теңгенi құрады (орташа облыстық көрсеткiш 135 065 теңге), бұл 2018 жылғы тиiстi кезеңнен 15,7% жоғары.

Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде:

үшiншi бағыт бойынша:

жастар практикасына 52 адам жiберiлдi (жылдық жоспар 40 адам);

әлеуметтiк жұмыс орындарына 93 адам жiберiлдi (жылдық жоспар 44 адам).

141 азамат жұмыссыз ретiнде тiркелдi.

Жұмыспен қамту органдарына жүгiнген жұмыссыздар саны 1788 адамды құрады. Тұрақты жұмысқа 1350 жұмыссыз азаматтар орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға 136 адам жiберiлдi.

Бiлiм

Ауданда 42 бiлiм беру мекемесi (5 мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу, 2 кешкi мектеп, 2 бастауыш мектеп, 6 негiзгi орта мектеп, 24 орта мектеп, Балалар музыка мектебi, балалар жасөспiрiмдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешенi) жұмыс iстейдi.

1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту 68,8% құрады (4085 баланың 2810 — ы), 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды-100,0% (2350 баланың 2350-i).

Аудан бойынша ҰБТ орташа балы 60,7 (2018 жылы -79,4 балл).

Мемлекеттiк тапсырыс есебiнен «Развивайка» жеке меншiк балабақшасында топ (20 бала) жұмыс iстейдi.

Бюджет қаражаты есебiнен қалалық мектептер бейнебақылау камераларымен толық жабдықталған. Атбасар қаласының барлық мектептерiне спорттық құралдар сатып алынды.

Республикалық «Көшбасшы — педагог» конкурсының жеңiмпазы болып Бастау ауылының №2 орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi С. Н. Ербалина танылды. Халықаралық ғылым және педагогика академиясы жеңiмпазға жүлде ретiнде автокөлiк ұсынды. Сонымен қатар Құрмет грамоталарымен, сертификаттармен және медальдармен Атбасар қ. №1 ОМ бастауыш сынып мұғалiмi К. Г. Мақажанова, Есенгелдi ОМ ағылшын тiлi мұғалiмi К. Б. Жүсiпова марапатталды.

Ақан Құрманов орта мектебiнiң ғимаратында жылу беру жүйесiне, iшкi инженерлiк желiлерге ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Борисовка орта мектебiнiң шатырына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

7 ауылдық мектептерге 7 жылу қазандықтары сатып алынды (Бастау с. №2 ОМ, Самарка ОМ, Мариновка ҚОМ, Борисовка ОМ, Сергеевка ОМ, Тельман ОМ, Полтавка ОМ).

2020 жылға арналған мiндеттер:

Бiлiм берудiң барлық сатыларында оқушылардың бiлiм деңгейiн және бiлiм сапасын арттыру.

Жастардың жеке мүдделерi мен еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, мамандық таңдауына жәрдемдесу.

Бiлiм беру объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмысты жалғастыру.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары: Сочинская орта мектебiне; «Бастау ауылының №2 орта мектебi» КММ ғимаратына; Бастау ауылының №1 орта мектебiнiң хоккей корты мен спорт алаңына;;

Спорт, мәдениет және жастар саясаты

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30% құрайды. Ауданда әртүрлi секцияларда 14 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады, олар түрлi iс-шараларға қатысып, жүлделi орындарға ие болады.

«Хрустальный колос-2019» қысқы облыстық спартакиадасында Атбасар ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте 3 орын алды (шайбалы хоккей — 3 орын, допты хоккей — 1 орын, спорттық балық аулау — 3 орын).

Ұлттық және халықтық спорт түрлерi бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасында аудан 2 жүлделi орынға ие болды (гiр спорты бойынша 2 орын — Қуанышпаев Дастан, армрестлинг бойынша 3 орын — Шаяхметов Рустам).

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар арасындағы «Надежда» облыстық спартакиадасында спорт түрлерiнен чемпион және жүлдегерлер –К. Тастемiров, В. Федюкин, В. Дедов, Рулева Н., И. Коцубинский, Е. Қаппасов, С. Наурызбекова, А. Досымбеков, а Б. Балғымбеков

Мәдениет мекемелерi жүйесiнде 18 клуб пен мәдениет үйi, 28 кiтапхана, тiлдердi оқыту орталығы және 3 мұражай әрекет етедi. 2019 жылдың қаңтар — қараша айларында 3 209 мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.

«Арай» үлгiлi би ансамблi «Жарық жұлдыз» халықаралық байқау-фестивалiнiң Гран-при жүлдесiн жеңiп алды.

Республикалық «РУХАНИ ҚАЗЫНА — 2019» байқауында «Аудандық мәдениет үйiнiң үздiк қызметкерi» номинациясы бойынша «Родничок» халықтық би ансамблiнiң хореографы Виктория Манукян жеңiмпаз болып танылып, 500 мың теңгеге ақшалай сертификатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлының Құрмет грамотасымен соғыс және еңбек ардагерлерi хорының, «Элегия» халықтық вокалдық ансамблiнiң жетекшiсi Найденова Валентина Николаевна марапатталды.

Спорттық — бал билерi бойынша VIII дәстүрлi халықаралық турнирде «Сымбат» бал биi студиясы 4 алтын, 7 күмiс және 9 қола медаль жеңiп алды.

«YNTYMAQ» Республикалық жазғы балалар мен жасөспiрiмдер фестивалiнде «Алтын күн» би ұжымы Гран-При бас жүлдесiн жеңiп алып, «Хореография» номинациясы бойынша II дәрежелi лауреат атанды.

«Зажги свою звезду» халықаралық конкурсында «Алтын күн» ұжымы 1 және 2 орын алды. «Молодость» халықтық ансамблi 1 орын және Гран-При бас жүлдесiн жеңiп алды.

«Родничок» би ансамблi «DANCE PREMIUM KZ» және «Восходящая звезда» халықаралық хореографиялық байқауларда 1 орынға ие болды. «Маленькая леди» сән студиясы «Восходящая звезда» конкурсының Гран-при бас жүлдесiн жеңiп алды.

«Айдана» вокалдық студиясы «Jas Qanat KZ» халықаралық байқау-фестивалiнде 1 орынға ие болды.

«JAS_AKMOLA 2019» ұлттық облыстық байқауында «Үздiк волонтер» номинациясының жеңiмпазы болып Ю Минец танылды, 200 мың теңге сомасына сертификат берiлдi, «Шығармашылық ұжым» номинациясы бойынша жеңiмпаз — балалар жасөспiрiмдер орталығы болып анықталды.

«Бiр ел — бiр кiтап» республикалық акциясында Атбасар ауданының ОКЖ «Аудандық маңызы бар үздiк кiтапхана» номинациясында жеңiмпаз атанды.

Биылғы жылы Атбасар ауданы өз жерлестерiнiң мәдениет саласындағы жетiстiктерiн шын жүректен мақтан тұтады, себебi олар халықаралық деңгейдегi 3 Гран При, республикалық деңгейдегi 1 Гран При, халықаралық деңгейдегi 9 -бiрiншi, 8 -екiншi және 9 -үшiншi орындарға ие болды. Республикалық маңызы бар үш екiншi орын және бiр үшiншi орын.

«Алтын дән» ЖШС қаражаты есебiнен Ярославка ауылдық округiнiң Хрящевка ауылында ауылдық клуб пен кiтапхананың ғимаратына, шатырына және жылу жүйесiне жөндеу жүргiзiлдi.

2020 жылы жоспарланған:

Музыкалық аппаратура сатып алу.

Орталық аудандық кiтапхана ғимаратындағы үй-жайлар мен шатырларды ағымдағы жөндеу.

«Локомотив» стадионына ағымдағы жөндеу жүргiзу.

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау нысандары: көпбейiндi ауданаралық аурухана, емхана, 8 дәрiгерлiк амбулатория, 17 медициналық пункт, 5 ФАП өз қызметтерiн ұсынады.

57 млн. теңгеге қажеттi жабдықтар сатып алынды.

Қан айналымы жүйесi органдарының әлеуметтiк-маңызды аурулары бойынша 983 — тен 1204-ке дейiн өсуi; туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың адамға, 18-ден 27-ге дейiн, онкологиялық патологиямен сырқаттанушылық 94-тен 95-ке дейiн. Ұлғаю ауруларды анықтаудың артуымен байланысты.

Бала өлiмiнiң 2 жағдайы тiркелдi.

Ана өлiмi жоқ.

Бастау ауылында ауысымына 25 келушiге арналған жаңа дәрiгерлiк амбулатория салынды.

2020 жылға арналған мiндеттер:

Халыққа медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру, аурулардың және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн басқа да жағдайлардың алдын алу және анықтау.

Құқық тәртiбi

Аудан бойынша қылмыс динамикасының талдауы көрсеткендей, тiркелген қылмыстар 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 8,7% — ға (559) төмендеген.

Қылмыстар саны төмендедi:

- аса ауыр қылмыстар 10,7% ,

- тонау 63,2%, ұрлық 19,2%,

-қоғамдық орында жасалған қылмыстар 8,6%.

Қылмыстардың ашылуы 77,4%-ды құрады.

Қоғамдық-саяси ахуал

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал және дiни жағдай тұрақты, резонанстық оқиғалар орын алған жоқ. Бұл мәселе тұрақты бақылауда. Бұқаралық ақпарат құралдары, семинарлар, әлеуметтiк желiлер арқылы түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

Дiни сипаттағы ақпараттық — профилактикалық жұмыс шеңберiнде 4000 астам адамды қамтитын 82 iс-шара өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы»

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ауданда 3000 астам iс-шаралар (дөңгелек үстелдер, викториналар, экскурсиялар,фестивальдар және т.б.) өткiзiлдi.

Өздерiңiз бiлетiндей, 2019 жыл-Жастар жылы деп жарияланған болатын, қазiргi таңда жастар саясатына көбiрек көңiл бөлiнуде. Барлық iс-шаралар жастар жылы аясында өткiзiлдi.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi мен ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жастар корпусын дамытуға бағытталған «Zhas Project» бiрлескен жобасы шеңберiнде Атбасар ауданында жалпы құны 14 млн.теңгеге 14 жоба жүзеге асырылды және олар экология және абаттандыру; ауылдарды дамыту; бiлiм беру және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердi сақтау, салауатты өмiр салты мен спортты насихаттау мәселелерiн шешуге бағытталған жобалар. Қазiргi заманғы толық мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған коворкинг орталығы ашылды (ағылш. coworking, орыс. — «ынтымақтастық»).

Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк аясында ауданда 20 спорттық-балалар алаңы салынды. Атбасар қаласының орталық алаңында «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту Қорының қолдауымен құны 56 млн.теңгеден астам көпфункционалды спорттық және балалар ойын алаңы орнатылды.

Құрметтi Атбасар тұрғындары!

Атбасар қаласы үшiн келесi жыл-маңызды айтулы жыл болып отыр, себебi сүйiктi қаламыздың мерейтойы атап өтiлмек. Атбасар қаласы 175 жасқа толады. Осыған байланысты, мерейтойды лайықты атап өту үшiн көптеген iс-шаралар жоспарланған, соның iшiнде жолдарды жөндеу жұмыстары, тротуарлар салу, орталық стадион, орталық кiтапхана мен мәдениет үйiн, мектептер мен балабақшаларды, жылу және сумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және тағы басқа жұмыстар.

Дата публикации
30 июля 2020