(2019 жылғы 30-желтоқсандағы жағдай бойынша )
| № р/с | Тапсырма | Орындалу мерзімі | Кімге тапсырылды | Орындалуы туралы ақпарат |
| 1. | Покровка а. су құбырлары желілерінің құрылысы. | орындалу мерзімі 2019 жылғы 31-желтоқсанғадейін ұзартылды | Қамбатыров Б.Т. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, Қаранағаев С.Т. «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы | 2018 жылғы 19 сәуірде «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ «Бирюза и К» ЖШС - мен Атбасар ауданы Покровка ауылында су құбыры желілерінің құрылысына 216 126, 400 мың теңге сомаға №18 шарт жасалды, оның ішінде 2018 жылға - 21 612, 640 мың теңге, 2019 жылға-194 513, 760 мың теңге, жұмыстарды орындау мерзімі 2019 жылғы 31 тамызға дейін.«Бирюза и К» ЖШС мердігерлік ұйымы объект шартта белгіленген мерзімде тапсырылмауына байланысты, 2019 жылғы 27 қыркүйекте «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ «Бирюза и К» ЖШС-сін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, Шарт бойынша кепілдік міндеттемелерін орындау міндеттемесімен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы экономикалық сотқа талап арыз берді.2018 жылғы 19 сәуірдегі № 18 Шарттың 8.3-тармағына сәйкес шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін 1 318,129 мың теңге мөлшерінде өсімақы ұстап қалды және тиісті бюджетке аударылды.Қазіргі уақытта объект бойынша бюджет қаражатын игеру - 95% құрайды, енгізу актісінен кейін төлеуге 9487,9 мың теңге (5 %) игерілмеген.Құрылыс және сынау жұмыстары аяқталған жоқ, пайдалануға беру 2020 жылдың екінші тоқсанында жоспарланып отыр. |