(2019 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша )
| № р/с | Тапсырма | Орындалу мерзімі | Кімге тапсырылды | Орындалуы туралы ақпарат |
| 1. | Покровка а. су құбырлары желілерінің құрылысы. | 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін, орындалу мерзімі 2019 жылғы 31-желтоқсанғадейін ұзартылды | Қамбатыров Б.Т. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Круподер Г.А. «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысының м.а. | 2018 жылдың 1-тоқсанында Покровка ауылында су құбыры желілерін салуға конкурстық рәсімдер өткізілді, 2018 жылдың 19 сәуірінде жеңімпаз «Бирюза и К» ЖШС 216 126,4 мың теңге сомасына жұмыстың аяқталу мерзімімен 31.08.2019 жылға дейін № 18 шарт жасалды.Техникалық қадағалауды «Servic Pro Co» ЖШС, Авторлық қадағалауды «Евростройсервис-Көкше» ЖШС жүзеге асырады.Аталған нысанды іске асыру 2018 және 2019 жылдарға жоспарланған.2018 жылға АБ-тен 141929,0 мың теңге, ал АБ-тен 21777,35 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді. 2018 жылдың 20 желтоқсанына бөлінген 163706,4 мың теңге толық көлемде игерілді.2019 жылға Атбасар ауданы Покровка ауылында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау үшін АБ-тен53 658,2 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.Қазіргі уақытта келесі жұмыс түрлері өткізілді:Қазіргі уақытта келесі жұмыс түрлері өткізілді:- магистральды су құбыры салынды-100 % (3 км);- су құбыры құдықтары орнатылды-100 %;- екі ұңғыма бұрғыланды;- таратушы кенттік желілер-19 км;- бірінші көтеру ұңғымасының құрылғысы -100%;- екінші көтеру ұңғымасының құрылғысы -100%;- екі трансформаторлық қосалқы станцияны орнату;- екі резервуардың құрылғысы -100%;-ұңғымаларға сорғыларды орнату-100%;«Бирюза и К» ЖШС мердігерлік ұйымы шарт бойынша нысан 30.08.2019 ж.мерзімінде тапсырылмауына байланысты, «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ экономикалық сотқа «Бирюза и К» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, 476,499 мың теңге сомасында өсімпұл өндіріп алу және шарттық міндеттемелерді орындау туралы талап арыз берілді. Бүгінгі күні 15883,3 мың теңге игерілмеген, оның ішінде 5 % (10806 мың теңге) енгізу актісінен кейін төлеуге жатады. |