Атбасар ауданы әкімінің ӨКІМІ Атбасар қ.№ 11 07.02.2019 жыл

Атбасар ауданы әкімінің ӨКІМІ Атбасар қ.№ 11 07.02.2019 жыл

2019 жылғы қаңтар-ақпанда
Атбасар ауданы әкімінің есеп
беру кездесулерінде халықпен
айтылған ұсыныстар мен
ескертулерді іске асыру бойынша
іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу қорытындылары туралы халықтың ақпараттылығын арттыру, ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында Атбасар ауданының әкімі:

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде халықпен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша қоса беріліп отырған іс-шаралар Жоспары бекітілсін (бұдан әрі іс-шаралар Жоспары). Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар Жоспары аудандық "Простор Atbasar" газет бетінде жариялансын. Атбасар ауданы әкімінің орынбасарлары, Атбасар қаласының әкімі, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары іс-шаралар Жоспарын орындауды жүзеге асырсын. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. А.Виншуге жүктелсін. Осы өкім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А.Қалжанов

 

07.02.2019 жылғы №11
Атбасар ауданы әкімінің
өкіміне қосымша

 

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде халықпен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары

 

№ Айтылған ұсыныстар мен ескертулер Ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойыншаорындау мерзімі Жауаптылар
1. Атбасар қ. №1 шағын ауданына автомобиль жолын қайта жаңарту 2019 жылғы 31 желтоқсанАтбасар қ. автомобиль жолын қайта жаңарту, Ағыбай батыр көшесіненНурсеитов көшесіндегі «Казахстан» дүкеніне дейін (1571 б.м.) Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Аскаров М.С.- Атбасар қ. әкімі
2. Шуйское ауылындағы су құбырын жөндеу 2019 жылғы 31 желтоқсанШуйское ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңартудың 1-кезеңін бастау Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Мороз Г. В. - "Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепте тұрған тұлғаларға пәтер беру үшін Атбасар қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылғы 31 желтоқсанАтбасар қаласының № 1 шағын ауданында екі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастау Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Мороз Г. В. - "Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
4. Сепе ауылындағы су құбырының құрылысы 2019 жылғы 31 желтоқсанғаСепе ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Мороз Г. В. - "Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
5. Атбасар қ. №1 ш. а. 14 45 пәтерлі тұрғын үйге аумақты абаттандыру 2019 жылғы 30 қарашаАтбасар қ. №1 ш. а. 14 45 пәтерлі тұрғын үйге аумақты абаттандыру Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Мороз Г. В. - "Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
6 "АЭҮК" АҚ желісінен Мариновка с. 54 жеке үйлерді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету 2019 жылғы 31 желтоқсанға54 жеке үйлер үшін электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңартус. Мариновка. Б. Т. Қамбатыров-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,А. С. Қайыржан - " Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі "мемлекеттік мекемесінің басшысы»,Д.К. Төлеуов-Мариновка ауылдық округінің әкімі
Дата публикации
30 июля 2020