Сочинское ауылының әкімі К.С.Семізбаеваның «Атбасар ауданы Сочинское ауылының 2018 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Сочинское ауылының әкімі К.С.Семізбаеваның «Атбасар ауданы Сочинское ауылының 2018 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Сочинское ауылының әкiмi К.С.Семiзбаеваның
«Атбасар ауданы Сочинское ауылының
2018 жылы әлеуметтiк — экономикалық
даму қорытындылары және 2019 жылға
арналған мiндеттерi туралы» есебi

Құрметтi ауылдастар және кездесуге қатысушылар!

Бүгiн бiз 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы жөнiнде есептiк кездесуiмiздi өткiземiз. Қазақстан тарихына 2018 жыл ерекше жыл болып ендi, Қазақстанның бас қаласы-Астананның жиырма жылдық мерей тойы. Бiз өзiмiздiң жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлаймыз. Барлық жетiстiктерiмiздi және табыстарымызды Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыратынымызда ешқандай сыр жоқ.

Ел Президентi 2018 жылдың 5 қарашасында халыққа кезектi «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жолдады, онда жаңа мiндеттер және жастардың барлық санаттарын қолдау бойынша кешендi шаралар, халықтың әл-ауқатын арттыруды белгiленген, олардың барлығын баршамызға жүзеге асыру керек екенiн анықтады.

Ел басының алға қойған мақсаттары мен мiндеттерi- бұл адамды қамқорлау, әлеуметтiк саясат арқылы мәселелердi шешу, әл-ауқатты арттыру, өмiр сапасын жақсарту. Азаматтардың өмiр сапасын жақсартуға және экономиканы дамытуға бағытталған бағдарламалық құжатты жүзеге асыруда Сочинское ауылында белсендi жұмыстар жүргiзiлуде..

2018 жылға Сочинское ауылының экономикалық даму қорытындыларымен және әлеуметтiк-болашақ мiндеттерi туралы сiздердi ақпараттандыруға рұқсат етiңiздер.

Аграрлық кешен.

Сочинское ауылы аумағында :

1.ЖШС және 3 ШҚ орналасқан, 2017 жылы ЖШС бойынша егiс алқабы

23 293 га және ШҚ бойынша — 2473 га құрады. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы жиыны: ЖШС бойынша 25 623 тонна, бидай өнiмдерiнiң жиыны 11 ц/га

Егiлдi:

Бидай -21 601 га

Арпа — 1526 га.

Сұлы-166 га.

Алқаптағы май (күнбағыс) -2508 га.

Бiржылдық шөптер- 2705 га.

Мал шаруашылығы

«Сочинское » ЖШС IҚМ 800 басы бар, соның iшiнде 400 сиыр, 180 бас жылқы). Қой 614 — бас).

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы аясындағы «Ауыл шаруашылығын дамыту» жобасын жүзеге асыру бойынша белсендi жұмыс атқарылып жатыр. 2018 жылда қорытындылай келе «Сочинское » ЖШС мемлекеттен 168 784 685 теңге субсидия алды:

Селолық округтiң жеке қосалқы шаруашылығында:

•720 бас IҚМ, соның iшiнде 423 бас сиыр.

•Қой және ешкi 461 бас.

•Шошқа 666 бас

•Жылқы 320 бас

•Құс 4683

Селолық округ бойынша барлық профилактикалық жұмыстар жүргiзiлдi.

Қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ҚР «Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк»

31 желтоқсан 2015 жылғы Заңына қол қойды. МЖӘ — бұл әрiптестiк формасы мемлекттiк эрiптеспен жеке әрiптес арасында туындайды, Заңда көрсетiлген тиiстi белгiлерiне сәйкес. Бұл әрiптестiк «Сочинское»ЖШС жұмыстарында көрiнедi, көмек көрсетуде:

Мектеп: мектеп оқушыларын тегiн тамақтандыру және жылу төлем ақысын төлеу — 1 200 000 теңге

Мәдениет үйi — 3 200 000 теңге

Аурухана  — 390 000 мың теңге

Көлiк және байланыс.

Аудан орталығымен село арасындағыавтобус жолаушылар қатынасын күн сайын 1 газель ЖК Жаныбеков Даурен жүзеге асырады.

Селолық округ аумағында 181 телефон номерi және «Билайн»ұялы байланысы орнатылған.Тұрғындар үшiн кеңжолақты Интернет мегалаин орнатылған, порт саны 51. Ғаламторға қосылам деп тiлек бiлдiрушiлер бар.

Пошталық бөлiмшесi күн сайын 10.00 ден 12.00 дейiн жұмыс жасайды.Пошта аптасына 2 рет жеткiзiледi.20178 жылдың екiншi жартыжылдығына басылымдарға жазылу 90 % жүзеге асырылған жоқ.

Электрмен қамтамасыз ету.

Селолық округ электроэнергины бiрыңғай энергожүйк «АРЭК» ЖАҚ алады.

Жылумен қамтамасыз ету.

Жылумен қамтамасыз етудi барлық әлеуметтiк ғимараттар қосылған «Сочинское» ЖШС жылу қазандығы жүзеге асырады. Көмiр қоры жеткiлiктi.

Газбен қамтамасыз ету.

Село тұрғындары баллондағы газдарды қолданады, қамтамасыз етушi аудандық газбенқамтамасыз етушi ұйымдар: «Атбасарский газ» ЖШС және Астбасарлық учаске «Горгаз» ЖШС.

Сумен қамтамасыз ету.

Селоны сумен қамтамасыз ету ашық , су тазартқыш арқылы жүзеге асырылады.Тазартқыш тәулiгiне 35 куб су өткiзедi (1 сағатта 1 куб).

Аббаттандыру

Аббаттандыру сұрақтары — бiздiң болмысажырамас бөлiгi. Менiң ауылдастарым келесi шешiмге келген: еңбекпен ғана өз өмiрiңдi әсем және жеткiлiктi қылуға болады. Сочинское ауылы өзiнiң қайталанбауымен және әсемдiлiгiмен тұрып жатқан тұрғындарды қуантады. Менiң ауылдастарым үшiн тазалық ол орнықты жағдай болып табылады, менi әкiм ретiнде бұл мәселе тек қана қуантады. Жыл сайын халықпен тазалық, аббаттандыру туралы әңгiме өткiземiз.

«Нұр Отан» ХДП аясында жоғары сынып оқушылары мен мұғалiмдердiң қатысуымен село аумағын және тыс жерлердi тазарту бойынша «Кувет» акциясы өткiзiлдi.

2500 тонна қоқыс шығарылды, үйдiң қасбеттерi жөнделiндi,7 гүлзар отырылғызды.

Маусымда 4 сенбiлiк және аптасын таза бейсенбi өткiзiлдi. 200 адам қатысты.

-Қоқамдық ғимараттардың және тұрғын үй қасбеттерi жөнделiндi.

-Ауылда бас көшелерi, өндiрiстiк учаскелер, әлеуметтiк сала объектiлерi жарықтандырылады.

- Барлық ұжымдар қардан мүсiндер жасады. Қатысушылар ақшалай сыйлықтар алды. Демеушiлер «Сочинское» ЖШС.

Аббатандыру сұрақтарында бiз ауыл тұрғындар және базалық шаруашылық көмегiмен жеттiк. Қыс келгеннен кейiн жұмыстар тоқтатылған жоқ, барлық күшiмiздi қосып қар шығару жұмыстарын өткiзiп жатырмыз. Солай «Сочинское» ЖШС көшелердi қардан тазарту жұмыстары өткiзiлiп жатыр.

Құқықтық тәртiптiлiк.

Село аумағындағы құқықтық тәрiтптiлiктi полицияның учаскелiк инспекторы Тимофеев В.В. жүзеге асырады. Сочинское ауылының акимат ғимаратында тiрек пунктi орналасқан телефонымен, ЕРДР базасы орнатылған компьютермен жабдықталған. 28 әкiмшiлiк хаттама толтырылды.

Медициналық қызмет көрсету.

Сочинский селосында медициналық қызмет көрсетудi бiр дәрiгерлiк амбулаторияныңорта-арнайы бiлiмi бар 4 медициналық қызметкерi жүзеге асырады. Қажеттiлiк бойынша медициналық қызметкерлер , аурулардың үйiне барып, медициналық қызмет көрсетедi. Барлық жоспарланған iс-шаралар жүзеге асырылды. Селолық округте флюорография 100% асырылды. 2018 жылы бала туу саны- 6.Жоспарлы екпелер ай сайын жүргiзiледi, балалар жыл сайын скрининг бақылаудан өткiзiледi.

Бiлiм беру.

Өскелең ұрпақтың бiлiмiне баса назар аудару қажет. Бiздiң балаларымыздың заманау өмiрге бейiм болуы маңызды.

«Балапан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырылып, селомызда жалпы 31 баланы қамтыған 1 шағын- орталық жұмыс iстейдi.

Селолық округ аумағында оқыту орыс тiлiндегi, бiр орта мектеп орналасқан. Барлығы 106 оқушы, 18 мұғалiм.

Мәдениет және спорт.

Село аумағында мәдениет саласы бойынша 200 адамдық орны бар селолық Мәдениет үйi жұмыс iстейдi. Селолық кiтапхана, Мәдениет үйiнiң ғимаратында орналасқан, 2018 жылы оқырмандар саны -560, 1 929867 соммаға ,кiтап қоры 13033 дана. 2018 жылы 72 iс –шара өткiзiлдi. 1 қазан күнi «Алтын дән »мереке үйiнде Қарртар күнi тойланды. Өлеңдер шырқалып, құттықтаулар айтылды. Бұйрық оқылды мерейтой тойлайтындарға ақшалай сыйлық төленсiн деп.Мереке және сыйлықтар «Сочинское» ЖШС сыйланды. .ҚР Тәуелсiздiгiне арналған.ҚР Тәуелсiздiк мерейтойына арналып спорт жарыстар өткiзiлдi спорт әдiскерi Кондратенко В.Н . Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Демеушi болған «Сочинское» ЖШС. Жаңа жылдық мерекелер өткiзiлдi. Барлық сыйлықтар «Сочинское» ЖШС сыйлады. Кәсiпкерлер демеушiлiк көмектерiн әрбiр өткiзiлетiн мерекелерде бередi. «Абилкасимовых » ҚШ жыл сайын мед академияда оқыйтын студенттiң оқуына 200 000 теңге төлеп жатыр. Ауылындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.Ұлтаралық және басқа да дау дамайлар болған жоқ.

Аппараттық жұмыс.

Ағымдағы жылы әкiм аппаратының бюджетi 8 млн 164мың теңге құрады.

•Ауыл көшесiн жарықпен қамтамасыз етуге 195 мың теңге

Селолық округ әкiмi әлеуметтiк мәселелер бойынша ауыл азаматтарын қабылдауды жүргiзедi. Ағымдағы жылы жеке тұлғалардан 5 жазбаша хаттары қарастырылды.

Болашаққа жоспар.

Ағымдағы жылы тұрақтылықты сақтап, өндiрiс көлемiн азайтуды болдырмау, әлеуметтiк тұрақтылықты және тұрғындар санын сақтау.

2018 жылы Кешендi жоспарға сәйкес келесiдей iс-шаралар жүзеге асырылды:

1.Жоғары плотинаны толық жөндеуден өткiзу.

2.Село бойынша су құбырын жүргiзу.

3.Көшелерге жарық беру.

4.Село iшiндегi жолдарды жөндеу.

5. Атбасар-Сочинское жолды жөндеу.

Қымбатты ауылдастар!

Жергiлiктi атқару органы алдында село тұрғындарының өмiр деңгейiн арттыру мақсаты тұр. Мен қойылған мiндеттердi атқаруға дайынмын, сiздердiң қолдауларыңызға және түсiнiктерiңiзге сенемiн. Бiрақ та ескертiп айтарым, әр отбасының жеткiлiктiгiне және ертеңгi күнде сенiмдiлiгiне, мықтылығына әр адам өзi жауыпты.

Назарларыңызға рахмет!

Сочинское ауылы әкiмi К.Семiзбаева

Дата публикации
29 июля 2020