Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі С.А.Валитованың "Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің 2018 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы" есебі

Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі С.А.Валитованың "Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің 2018 жылы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы" есебі

Құрметтi ауылдастар!

Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан халқына жыл сайын өз Жолдауында тәуелсiздiк жылдары жеткен барлық ауқымды мiндеттердiң сақталуын және болашаққа тұрақты дамытылуын жалғастыруды мiндеттейдi.

Округ диқандары өздерiнiң алдына қойған барлық мiндеттерiн жақсы түсiнедi және оларды жүзеге асыруға барлық шараларды қабылдайды.

Округте басты сала өсiмдiк шаруашылығы болып табылады — егiн шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту.

Кезектi ауыл шаруашылығы жылы аяқталды. Ауа райының күрделi жағдайына қарамастан, ауылдық округтiң диқаншылары 49152 га алқаптан дәндi дақыл жинап, орташа өнiмдiлiгi 14.8 ц., жалпы түсiм 72745 тоннаны құрады.

11526 га алаң жыртылды. 41611 га арам шөптерге қарсы химиялық отау жүргiзiлдi.

Мемлекетпен ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге 36 млн.725 мың 583 тенгенiң субсидиясы төлендi.

«Алком агро» ЖШС-де машина-трактор паркi жаңартылды. Екi «Есiл-760» комбайны және екi Камаз автомобилi сатып алынды.

Болашаққа мiндет-машина-трактор паркiн, әсiресе шаруашылық қожалықтарда жаңартуды жалғастыру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы «Ақылды технологиялар» бөлiгiн орындау мақсаттарында ауылдық округте егiстiктердiң электронды карталары құрылды. Егiстiктердi цифрландыру 99 пайызға жүргiзiлдi. «Кудряшов» ШҚ жуыр арада жұмыстарын аяқтайды.

Қолданыстағы 76 мың га жайылымдық алқап мал шаруашылығын дамыту үшiн қонымды жағдайлар құруда. Қазiргi уақытта мал шаруашылығын дамыту бойынша 2 фермер шаруашылығы және 7 шаруа қожалығы жұмыс iстейдi.

2018 жылғы жоспарға асыл тұқымды IҚМ басын 10% көбейту, осы мақсаттар үшiн ауыл фермерлерiмен қосымша үш асыл тұқым өндiрушi бұқа сатып алынды. 2018 жылы сәуiр айында округте жеке секторда IҚМ асыл тұқымға айналдыру үшiн «ОЛЖАБЕК» АШ ӨК құрылды. Отандық тұқым — қазақтың ақбасты 5 бұқасы сатып алынды. Жыл сайын табынды жаңарту жүргiзiледi. 2018 жылы бiз жоспарлы көрсеткiштерге жеттiк- барлық аналық IҚМ басы асыл тұқымды бұқа өндiрушiлермен 100% қамтылды.

Болашаққа бiздiң мiндетiмiз: төмен өнiмдi аналық IҚМ басын жоғары өнiмдiлiкке ауыстыру бойынша жұмыс жүргiзу.

Шаруа-фермер қожалықтарында және ауылдастардың жеке аулаларында өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда IҚМ басының саны 12%, қой басы 10% , жылқы басы 18% өстi.

Мемлекет фермерлерге тұрақты қолдау көрсетiп отырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшiн бiрiншi жарты жылдықта 4 млн 4004 мың тенге жалпы сомасына субсидия төлендi.

Мал басын азықпен қамтамасыз ету үшiн төрт пiшен шабатын бригада құрылды. 1705 тонна шөп пен сабан дайындалды.

Болашаққа мiндет-мал басының азаюына жол бермеу.

Қолайлы эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету үшiн округте ветеринарлық пункт жұмыс iстейдi. Ветеринарлық қызметпен ауыл шаруашылық жануарларын эпизоотикаға қарсы iс-шаралар (вакциналау және малды тексеру) 100% жүргiзiлдi.Мал бастарын теңестiру толық көлемде 100% жүргiзiлдi. Бiрақ тәжiрибе барысы көрсеткендей мал арасындағы жұқпалы аурулар бойынша эпизоотикаға қарсы iс-шаралардың алдын алу жоспарында барлық мәселелер көзделмеген. Биыл ауылдық округ аумағында ӘҚМ арасында «Нодулярный дерматит» айқындалды. Менiң ойлауымша бiздiң ветеринарлық қызметке осындай мәселелердi шешуде ұтымды болу қажет. Қазiргi уақытта барлық мал егiлдi, ал ауырған малдарға емдеу жүргiзiлуде.

Ауылдық округте шағын және орта кәсiпкерлiктiң 35 субъектiсi тiркелген. Онда 287 адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы төлемi 67200 тенге құрайды.

Ауылда «Атбасарская нива» ЖШС ведомстволық наубайханасы жұмыс iстейдi, 2018 жылы 31 тонна нан өндiрiлдi, 1 бөлке нан 50 тенгеден.

Сауда мен қызметтен бөлшек тауар айналысының көлемi 38,2 млн.тенге құрады.

Ауылды көрiктендiру және санитарлық тазарту проблемалары, бұл проблемалармен бiз жыл сайын жұмыс iстеймiз.

2018 жылы көше мен алаңдарды жинау бойынша 25 сенбiлiк, 12 «таза бейсенбiлiктер өткiзiлдi.

123 тұрғын үй мен әлеуметтiк сала объектерiнiң фасадтары жөнделдi. 1800 тонна қоқыс пен қи шығарылды.

Жаз кезiнде «Алком агро» ЖШС қаржысы есебiнен (директоры Дзейтов М.Н.) каникулға келген студенттер қатарынан ауылды көрiктендiру бойынша 3 адамнан құрылған бригада жұмыс iстедi. Балалар көшеде өскен шөптердi шабумен айналысты. Бригада күшiмен ескерткiшке ағымды жөндеу жүргiзiлдi және орталық саябақ көрiктендiрiлдi, шығу тобымен билбордтардағы баннерлер жөнделдi.

Мемлекеттiк-жеке серiктестiк аясында «Атбасарская нива» ЖШС (бас директоры Қожықов Б.С.) және «Алком агро» ЖШС (директоры Дзейтов М.Н.) қаржысы есебiнен әлеуметтiк сала объектерiне, Новомариновка НМ қазандығына ағымды жөндеулер жүргiзiлдi, жалпы ұзындығы 42 км су жабдықтау жүйесiне ағымды жөндеу жүргiзiлдi, таза су қоймасы алаңға сәйкес келтiрiлдi.

"Алком агро" ЖШС Ново-Мариновка негiзгi мектебiне қосымша өрт дабылын орнату және өрт сөндiргiштердi толтыру үшiн 125 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiндi.

Көшенi жарықтандырудың 32 жарық шамына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Барлығы 850 мың теңге қаражат жұмсалды.

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту.

Халықты әлеуметтiк қорғау мәселесi ауылдық округ әкiмiнiң аппаратында тұрақты бақылауға алынған. Көп жұмыс Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша атқарылды.

Бiрiншi бағыт бойынша қысқа мерзiмдi оқуға үш адам жолданды. Помосов Егор, Кляцких Максим и Гильманов Анвар механизаторлар курсын бiтiрiп, түрлi учаскелерде жұмыс iстеуде.

Үшiншi бағыт бойынша:

-Әлеуметтiк жұмыс орындарына 2 адам жолданды («Оздоев» ШҚ).

«Бастау-бизнес» жобасымен кәсiпкерлiк негiзi бойынша 1 адам оқып шықты. Тұрмыстық қызметтер көрсету саласында жеке кәсiпкерлiктi дамытуға 240500 тенге 2 грант алынды.

Қоғамдық жұмыстарда 4 адам жұмыс iстейдi.

14 адам жұмысқа орналастырылды.

Аз қамтылған отбасы — 1 отбасына 13368 тенге әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

- Шартты АӘК үш отбасына -171 мың 486 теңге төлендi.

Ауылдық округтiң әлеуметтiк саласы.

БIЛIМ

Новомариновка негiзгi мектебiне 70 оқушы барады. Оқушылардың саны өткен оқу жылы деңгейiнде қалды.

Новомариновка НМ жанында мини-орталық жұмыс iстейдi, 3 тен 5 жасқа дейiн 20 бала қатысады.

Негiзгi мектептiң ұжымы 11 оқытушыдан тұрады. Математика және қазақ тiлi пәндерiн оқытуға 2 маман жетiспейдi.

«Атбасарская нива» ЖШС, «Алком агро» ЖШС қаржысы есебiнен оқушыларды 100% ыстық тамақ оқушылар үшiн — 50% төлемiмен ұйымдастырылған.

Мектепке ағымды жөндеу жүргiзiлдi. Өз күшiмен төбе жабындысына жөндеу жүргiзiлдi. Шаруашылық қазандығы жөнделiп, дайын болды.

МЕДИЦИНА

Халыққа медициналық қызмет көрсетудi Новомариновка медициналық пунктi жүзеге асырады.

Қызметкерлердiң штат саны 1,75 ставка құрайды. 1 санитарка және Ақан Құрманов ауылынан келген медицина қызметкерi жұмыс iстейдi.

Халықты флюротексеру бойынша 2018 жылғы жоспар 100% орындалды.

Жаңадан туберкулезбен ауыратындар айқындалған жоқ.

«Атбасарская нива» ЖШС есебiнен бiр қазандық ауыстырылды және СДА қазандығындағы жылу жүйесi жөнделдi. «Алком агро» ЖШС қаражаты есебiнен қазандықтағы шатырының жабындысына күрделi жөндеу, ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Екi иеленушi субъект («Алком агро» ЖШС мен «Кудряшов» ШҚ) екi түлектiң оқуына қаржы төлеуде: Астана қаласының медициналық ЖОО және Көкшетау қаласының колледжi фельдшер-емдеу iсi.

Қазiргi уақытта сапалы медициналық қызмет көрсету үшiн бiзде тұрақты медицина қызметкерi жоқ.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауылдық округте ауылдық кiтапхана жұмыс iстейдi. Мәдени-бос уақыт шараларын өткiзу үшiн «Ойын-сауық орталығы» ашылды.

«Атбасарская нива» ЖШС 2018 жылдың бiрiншi жарты жылдығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 28 мәдени-бұқаралық шаралар өткiздi. Бiздiң қолданбалы өнер шеберлерi аймақтық жәрмеңке — халық шеберлерiнiң «Ұлы Жiбек жолы-Великий щелковый путь» көрмесiне қатысты. 6 экспозиция ұсынылды.

Новомариновка НМ спорт залында жастар үшiн үш спорт секциясы жұмыс iстейдi. Оған 45 адам қатысуда. 14 спорт шаралары өткiзiлдi. Спорт бойынша әдiскер бiрлiгiн «Оздоев» ЖШС ұстап отыр.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТIП

Шұңқыркөл ауылдық округiнiң аумағында ЖПҚ учаскелiк инспекторы жоқ.

Округте полицияның учаскелiк инспекторының жұмысы үшiн барлық жағдайларды құрылған. «Алком агро» ЖШС қаржысы есебiнен қызметтiк автокөлiк жөндеуден өткiзiлдi. Новомариновка СМА ғимаратында тiрек пунктi үшiн кабинет бөлiнген. Кабинет жиһазбен жабдықталды. Телефон орнатылды.

2018 жылы әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 12 адам тартылды. 8 құқық бұзушылық жасалды. 2 ашылды және сотқа берiлдi. 6 құқық бұзушылық (мал ұрлығы) ашылған жоқ.

Күнделiктi мәселелердi шешуге жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жиналысы белсендi қатысады. 2018 жылы 3 отырыс өткiзiлiп, онда 5 мәселе қаралды.

Осы сәтте Аманбек Әмiрхамзаұлы, атап өткiм келедi. Осы жылы әлеуметтiк сала нысандарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың барлық көлемiн бiз өз күшiмiзбен, бiрақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларының үлкен қолдауымен жүргiздiк.

Мен жұмысты ұйымдастыруда үлкен көмек көрсеткенi үшiн жергiлiктi қоғамдастықтың барлық мүшелерiне, әлеуметтiк нысандардың ұжымдарына алғысымды бiлдiргiм келедi. Бiрге үлкен жұмыс атқарылды.

Жиналыстың атынан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң барлық басшыларына ауылдағы әлеуметтiк мәселелердi ғана емес, сондай-ақ көптеген туындаған проблемаларды шешуге көмектескендерi үшiн үлкен алғысымды айтқым келедi.

Ерекше алғысты «Атбасар нива» ЖШС Қожықов Бақытжан Саденұлына және Сiзге Ғазиз Бакенұлы айтамыз. Сiз әрқашан қиын жағдайларда бiзге көмектесесiз. Бұл су тасқыны немесе дала өрттерiмен күрес барысында. Қысқы кезеңде-жолдардағы шұғыл жағдайларда көмек көрсету.

«Алком агро» ЖШС Дзеитов Магамед Наипович. Оның қайырымдылық көмегiнiң арқасында әлеуметтiк сала нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары, абаттандыру шаралары жүргiзiлдi. Мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Ауылдық округте бiр үлкен және тату отбасымен 14 ұлт өкiлдерi тұрады. Ауылдық округтегi қоғамдық-саяси жағдай және дiни жағдай тұрақты.

Құрметтi ауылдастар!

Өз есебiмдi аяқтай отырып, кез келген мәселенi бiрлесiп шешу қажет деп айтқым келедi. Мен белгiленген жоспарларды iске асыруда сiздердiң түсiнiстерiңiз бен қолдауларыңызға үмiттенемiн.

Дата публикации
29 июля 2020