Құрметтiауылдастаржәнекездесугеқатысушылар!
Бүгiн бiз 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы жөнiнде есептiк кездесуiмiздi өткiземiз. Қазақстан тарихына 2018 жыл ерекше жыл болып ендi, Қазақстанның бас қаласы-Астананның жиырма жылдық мерей тойы. Бiз өзiмiздiң жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлаймыз. Барлық жетiстiктерiмiздi және табыстарымызды Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыратынымызда ешқандай сыр жоқ.
Ел Президентi 2018 жылдың 5 қарашасында халыққа кезектi «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жолдады, онда жаңа мiндеттер және жастардың барлық санаттарын қолдау бойынша кешендi шаралар, халықтың әл-ауқатын арттыруды белгiленген, олардың барлығын баршамызға жүзеге асыру керек екенiн анықтады.
Ел басының алға қойған мақсаттары мен мiндеттерi- бұл адамды қамқорлау, әлеуметтiк саясат арқылы мәселелердi шешу, әл-ауқатты арттыру, өмiр сапасын жақсарту. Азаматтардың өмiр сапасын жақсартуға және экономиканы дамытуға бағытталған бағдарламалық құжатты жүзеге асыруда Новосельское ауылында белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.
Бiз жергiлiктi атқарушы өкiмет орнымызда осы сұрақтарды шешумен айналысамыз.
Әлеуметтiк-демографиялық жағдай:
Бiздiң ауыл көп ұлтты, ортақ бiр отбасымен 15 ұлт өмiр сүредi. Көбiсi орыс тiлдi ұлттар, қазақтар 92 адам, ол жалпы халық санының 10,14%. Барлық аула саны-333, барлық тұрғындар саны 928 адам. Экономикалық белсендi халықты 474 адам құрайды, олардың iшiнде барлық салаларда тұрақты жұмыста 375 адам, өз бетiмен жұмыс iстейтiндер жеке қосалқы шаруашылықта- 99 адам. Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар саны-166, зейнеткерлер-141 адам. Осы жылы жоғары оқуды аяқтаған соң бiздiң түлектер жас мамандар болып ауылға оралды, бұлар: ауыл әкiмiнiң бас маманы Сұлтанғазина Әсел Ибрағимқызы, Новосельскi орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi Лемская Галина Викторовна және ағылшын мұғалiмi Сафонова Крестина Валентиновна, ол «Ауылға дипломмен» бағдарламасы арқылы несие алып, ауылдан үй сатып алды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк көмек
Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету- халықты әлеуметтiк қорғау негiзi, өмiр сүру сапасын жақсартудың әлеуметтiк әл-ауқатын арттырудың негiзгi құралы.
Осы мақсатта «Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығы»КММ арқылы 2018 жылы 1 жартыжылдықта 3 адам «Петрович» шаруашылық қожалығына 2 адам, «Садвакасов» ш/қ 1 адам әлеуметтiк жұмыс орынан жолданды. Жұмысқа жолдау мерзiмiнiң аяқталуынан соң олардың барлығына сол шаруашышық қожалықтарында тұрақты жұмыс ұсынылды.
«Бастау бизнес» бойынша «Кәсiпкерлiктiң негiзi» оқуын Кузнецова А.С. оқып, сертификат алды, ары қарай киiм тiгу бойынша бастаушы бизнестi дамытуға грант алып, керек жабдықтар, киiм тiгетiн машинкалар сатып алды.
Жеке қосалқы шаруашылығының санағы жүргiзiлдiIҚМ саны -831 бас, КҚМ- 582 бас, жылқылар-472 бас, шошқалар- 1861 бас, құстар -4847 дананы құрды.
Халықты жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында «2017-2021 жылдарға өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi датмыту» бағдарламасы бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Кәсiпкерлiк палатасымен жұмыспен қамту орталықы азаматтар жиынын, семинар тренинг, әңгiмелер өткiздi.
Есептiк кезең бойынша ауыл әкiмiнiң аппараты өзектi мәселелер бойынша 6 азаматтар жиынын және 4 жергiлiктi қоғамдастық жиналысын өткiздi.
2018 жылғы маусымда жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiмен жиын өткiзiлдi, өткен жылы бастаған жұмысты жалғастыру керек деп шешiлдi, ол балалар алаңына қоршауды сатып алып орнықтыруды ары қарай жалғастыру. Тауардың жалпы соммасы 627,0 мың теңге. Конкурстың қорытындысы бойынша «KAZ SERVICER LTD» ЖШС жеңiмпаз атанды, аталған жұмыстар жүзеге асырылды..
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңын және «Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулын жүзеге асыру шегiнде 2018 жылы 50 өтiнiш қаралды. 1-мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Барлық жазбаша, ауызша үндеулер белгiленген уақытта қарастырылып, шешiлдi.
Халықпен жаңа мекенжайды тағайындау бойынша жұмысын 95 % өткiздiк.
Бiлiм беру
Бiздiң ауылда мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар саны 166. Мектепте 119 оқушы бiлiм алады. Ұстаздық кадрлармен түген жинақталған — барлығы 18 мұғалiм.
2018 жылы 11 сынып болған жоқ, негiзгi мектептi- 10 оқушы аяқтады, олардың 4 колледжға оқуға түстi, қалғандары 10 сыпыпта оқиды. Мектептiң материалдық базасы жергiлiктi бюджет қорынан жақсартылды- 2 дана мультимедиалық құрылғымен (проектор) компьютерлер жаңа оқу бағдарламасымен оқитын бастауыш сыныптар үшiн алынды. «Новосельское»ЖШС негiзгi шаруашылық мекетпiң сытрқы келбетiнiң ағымды жөндеуiн және мектеп қазандығының ағымды жөндеуiн жүргiзуде.
Осы жылы Атбасар қаласының орталық алаңында балаларды қорғау күнiне арналған жоғары сынып оқушылары шеруi өткiзiлдi, оған бiздiң мекепт оқушылары қатысып жақсы киiмдерiн және шеру мүмкiндiктерiн көрсеттi. Костьюмдердi тiгуге 60,0 мың теңге жүмсалды, оған демеу көрсеткен «Новосельское» ЖШС және Геращенко О.Н. жеке кәсiпкерi.Мектепте кәсiби аралық бөлме ашылды.
Ауылда екi шағын-орталық қызмет атқаруда, оған 26 бала барады. Негiзгi шаруашылық қорынан «Балдырған-1» шағын- орталыққа құрылыс материалдары сатып алынды. Екiншi «Балдырған-2» шағын орталықтың материалдық базасы республикалық бюджеттен құрысыс материалдар берiлдi.
Спортпен- денешынықтыру кешенi
Спорт кешенiнде: бокс, волейбол, шағын футбол, үстел тенисi, шахматтар, шашкилер, гир спорты дәрiстерi жұмыс iстейдi. Салауатты өмiр салтындағылар өз ауылында, облыс бойынша сайыстарға, жарыстарға әрқашан қатысуда. Өткiзiлген спорттық iс- шаралардың демушiлерi «Новосельское»ЖШС, «Шыңғыс-1»ЖШС және «Ишим»ш/қ.
Жазғы аудандық «ақ-бидай-2018» спартакиядасының қорытындысы бойынша Новосельское ауылының командасы 2 орынға ие болды.
Осы жылы спортпен денешынықтыру кешенiнiң жылу жүйесiне жөндеу жүргiзiлдi, негiзгi шаруашылық қорынан керектi жабдықтар насос, үрлегiш сатып аланыды.
2019 жылы мемлекеттiк-жеке серiктестiк арқылы спортпен –денешынықтыру кешенiне күрделi жөндеу (шатырды, терезелердi, есiктердi асырстыру) жүргiзу жоспарланған. Және МЖС арқылы ауылда спорттық алаңын турникеттер, тренажорлармен құрастыру жоспарланған. Футбол, волейбол алаңдарын жөнге келтiру жоспарланған.
Қоғамдық тәртiп
Ауылда қоғамдық тәртiптi сақтауды Атбасар АIСБ полициясының майоры Жабеекев Жалғас Кенжебайұлы жүргiзедi. Әкiм аппараты ғимаратында телефондандырылған полиция пунктi орналасқан. Есептiк кезең бойынша ауыл аумағында 6 ұрлық жасалып, оның 4 ашылды. Барлығы 63 әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болды: абаттандырудың санитарлы ережелерiн бұзған үшiн 15 әкiмшiлiк ескерту жасалды, қоғамдық орында шала мас күйiнде- 6 адам, қоғамдық орында шылым шегу бойынша -2 адам ұсталды, көлiктi iшiмдiк iшiп жүргiзген үшiн- 3, иттердi тиiстi ұстамаған үшiн — 10 адам, автокөлiктi қауiпсiздiк белдiгiсiз жүргiзгенi үшiн- 6 адам, күндiз көлiк фарасын жақпаған үшiн- 10 заң бұзушылық, кәмелетке толмағандардың түңгi уақытта үйден тыс болғандары үшiн-5 адам және тағы басқалар 11. Қоғамдық көмекшiлермен бiрге жиi-жиi рейдтер өткiзiп, заң бұзушыларды қарап отырады.
Новосельское ауылының ветеринарлық пунктi
Новосельское ауылында Атбасар ауданы әкiмдiгi жанындағы «Атбасар Ветсервис»ШЖҚ МКК ауылының ветеринарлық пунктiнде ветеринарлық
дәрiгер Невакшенов А.А. халыққа ветринария сұрақтары бойынша қызмет
көрсетедi.
2018 жылы 1 жартыжылдықта сәйкестендiрiлiп есепке:
IҚМ -517 бас (жоспар бойынша 500 бас),
КҚМ- 500 бас (жоспар бойынша 445бас),
шошқалар 405 бас (жоспар бойынша 300 бас) қойылды.
Уақытында барлық жоспарланған ветеринарлық- диагностикалық тексерiстер, егулер және алдын ала емдеу iс шаралары жүргiзiледi.
Үш бас IҚМ оң бруцеллез анықталды, малдар Көкшетау қаласына ветеринарлық санитарлық союға тапсырылды.
Қаңғыған иттердi ұстап және жою жұмыстары жүргiзiлген жоқ.
Ауыл аумағында 5 ЖШС және 5 ШҚ бар. «Новосельское»ЖШС шаруашылығында өз қажеттiлiгi үшiн өнiмдердi өндейтiн наубайхана, диiрмен бар. Бiр бөлке нанды шаруашылық жұмыскерлерi, зейнеткерлер, мүгедектер үшiн 40 теңгеден, ал сату бағасы 55 теңгеден жiбередi. Шөп шабу науқанында барлығы 650 тонна шөп жиналды.
Ауылды сумен «Атбаса су»ШЖҚ-дағы МКК қамтамасыз етедi. 282-Аула санының 99 % орталық су беру жүйесiн қолданады, 13 аула колонкаларды пайдаланады.есептiк кезең бойынша 4 үй орталық су жүйесiне қосынды.
Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесiн атап өткiм келедi. Су жүйесiнiң ескiруiмен бойыланысты жиi- жиi су жүйесi тұрбаларының ақаулары болады, сол себептен су сағатымен берiлiдi.
Негiзгi шаруашылық директоры станциямен ұңғыма сорғыны 300, мың теңгеге сатып алуға демеу көрсеттi.
Жазғы уақытта өзеннен жазғы суды беру мәселесi жайында келесiнi атап өткiм келедi, жазғы су жүйесiнiң иегерiн анықтау үшiн құжаттар аудандық сотына жолданды. Нақты уақытта өзен суы берiлуде.
Денсаулық сақтау.
Бағдарламалық мiндеттердi орындай отыра, Новосельскi ФАП халықтың алдын ала тексерулерi- скринингтердi 100% өткiздi, осының барлығы медициналық кешеннiң халықты орнында тексеру арқылы қол жетiмдi болды. Флюротексерiс жоспары 2018 жылға 100% (510 адам) орындалды. 2018 жылы ауылда 7 нәресте дүниеге келдi. Жедел жәрдем автокөлгiнiң ағымды жөндеуi негiзгi шаруашылық арқылы жүргiзiлдi.
Ауылда АОА әлеуметтiк жұмыскер жұмыс iстейдi, Садвакасова Айгүл Жамбыршықызы- Новосельское а., Шуйское а., Третьяковка а., Макеевка а. қызметiн атқарады. Ол әлеуметтiк психологиялық қызмет: үйiне бару, әңгiме ұсынады және әлеуметтiк медециналық қызмет мүгедектерге, онконауқастарға, қарттарға және маргеналды топтарға.
Ауылда дәрiлiк заттарды сату бойынша дәрiхана жұмыс iстейдi.
Мәдениет үйi.
Мәдениет ошағы және ауылда бос уақытты ұйымдастыру Новосельское Мәдениет үйiнде жүргiзiледi, ол «Шыңғыс-1»ЖШС қарасты. 2018 жылғы жаппай- мәдени шаралар өткiзiлдi, соның iшiнде балаларға да арналған. Новосельское ауылының Мәдениет үйiнде 4 би ұжымы, 2 вокалды ұжым, үрлеп тарту оркестрi, бөлек әншiлер, дуэттер және «Клуб современных бабушек» атты дәрiс кестеге сәйкес айналысады.
Барлық өткiзiлетiн шаралар тиiстi деңгейде, бекiтiлген жоспарға сәйкес жүргiзiледi. Бұл мемлекеттiк мерекелердi, Жаңа жылдық мерекелерге арналған шараларды, Рождество Христово, халық аралық әйелдер күнiн, Наурыз мейрамын, Қазақстан халқының бiрлiк күнi мерекесiн, Отан қорғаушылар күнiн, Жеңiс күнiн, балаларды қорғау күнiн, Астана күнiн, жастар күнiн мерекелеуге арналған.
«Шыңғыс-1»ЖШС қорынан проэктолрмен экран 225 мың теңгеге сатып алынды.
Нақты уақытта заманауи стильдегi инжинерлiк коммуникациялар мен жабдықтарды, ғимараттың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар кешенi жүргiзiлуде.
Мәдениет үйiнде көптеген жаппай мәдени шаралар жүргiзу жоспарланған: дискотекалар, флешмобтар, концерттер, көптеген патриоттық тәрбиелеу шаралары.
Селолық кiтапхана.
Кiтаптар қорын 28196 дана құрайды. Мемлекеттiк тiлде 3591 дана. Барлық мемлекеттiк және ұлттық мерекелерге кiтапханада кiтаптар көрмелерi ресiмделдi, жаппай шаралар өткiзiлдi, әдебиеттi насихаттау жүргiзiлдi.
Барлық оқырмандар саны 362, олардың iшiнде 134 балалар. Есептiк кезең бойынша кiтаптар қоры 106 кiтапқа толтырылды, олардың 89 қазақ тiлiнде.
Кiтапханада маңызды мәселелерге дөңгелек үстелдер, айрықша мәндi күндерге тақырыптық сөрелер және кiтап көрмелерi, үздiк адамдардың шығармаларына және өмiрлерi туралы әңгiмелер, ақындарды, компазиторларды еске алу кештерi,әртүрлi акциялар, шаралар өткiзiлдi. Барлық шаралар бекiтiлген жоспарға сәйкес жүргiзiлдi.
Нұр Отан партиясы.
Бүгiн бiз 2018 жылдың қорытындысын жасаймыз, ол бiздiң елдiң саяси және әлеуметтiк –экономикалық өмiрiнде көптеген қаныққан айтарлықтай оқиғалармен толы болды, оның бәрiне бiз куә болдық. «Нұр Отан» партиясы, бұл басқарушы партия, бастауыш саяси күш, ол ешқашан мәселелердi шешуден бас тартпаған, оларды жүйелi және дәйектi шешкен. Жылдан жылға бiрiншiлiк партия ұйымдар құрамы 3 адам болсын немесе мыңнан астам болсын, жұмысы күшейiп арта түсуде, олардың рөлi бағасыз екенi барлығына белгiлi. Бiздiң партұйым 70 мүшенi құрайды. Бiздiң партия ұйымының мүшелерi ерекше орын алуда, өйткенi олар ауыл өмiрiнiң нағыз ортасында. Новосельское ауыл аумағында бiрiншiлiк партиялық ұйым өзiнiң жұмысын жүргiзуде. Олар өзiнiң шағын Отанының патриоттары, өздерiнiң жерi жайында мақтанышпен айтып, ауылдастарының әл-ауқатын жақсартуды негiзгi мiндетке қояды. Партиялық ұжым белсендi ұйымдастырушылық, тәжiрбиелiк және ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргiзедi. Барлық өткiзiлетiн шаралар «Нұр Отан» партиясы аясында өткiзiледi.
Абаттандыру.
Абаттандыру сұрағы, жазғы уақыттағы жөндеулер ең негiзгiлердiң бiрi болып келедi. Өте аз уақыт iшiнде әртүрлi жоспардағы маңызды көлемдi жұмыстарды: жолдарды, ғимаратарды жөндеу, көгалдандыру, жылу беру мерзiмiне нысандарды әзiрлеудi жүргiзу керек.
Жылсайын бiз ауыл тұрғындарына бiздiң ауылда тазалықты келтiру бойынша, көгалдандыру және аулаларды тазалап жинау бойынша үндеу жасаймыз.
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң өкiмiмен бекiтiлген ауылды санитарлы тазалау абаттандыру және көгалдандыру бойынша айлықтар жарияланды.
Өкiм негiзiнде ауылды абаттандыру, санитарлы тазалау және көгалдандыру бойынша iс шаралар әзiрленiп жоспар бекiтiлдi. Бекiтiлген жоспарға сәйкес азаматтар жиыны өткiзiлдi, онда Ақмола облысының елдi мекендерiнде және қалаларда жасыл көшеттердi ұстау және қорғау бойынша және ауылдағы аумақтарды абаттандыру бойынша ережелер түсiндiрiлдi, әр адамның алдында қоқыстарды шығару, көгалдандыру және абаттандыру бойынша көктемгi- жазғы жұмыстар жайында нақты мiндеттер қойылды.
1. Ауыл тұрғындарына абаттандыру сұрақтары бойынша хабарламалар
таратылды.
2. Ауылдың әлеуметтiк сала объектiлерiнде (НОМ, спортпен денешынықтыру
кешенiнде, Мәдениет үйiнде, шағын-орталықтарда, Энерго-частiкте) және
өнеркәсiптiк учаскелерде (МТМ, наубайханада, мех.ток, малшаруашылығы
кешенiнде) кездесулер өткiзiлдi.
3. Негiзгi шаруашылық пен «Ишим» шаруашылық қожалығымен келiсiм
бойынша ҚТҚ және күлдердi шығарып жою бойынша бригалалар құрылды
4. Әлеуметтiк сала объектiлерiнен (НОМ, ауыл әкiмi аппаратының
ғимаратынан, МҮ,спортпен денешынықтыру кешенiнен, шағын-орталықтан)
күл шығарылды және көң мен қоқыстар жеке үйлерден шығарылды.
5. Тұрғын үйлер жөнделдi, ақталды және сырланды.
6.Бордюрлер ақталды.
7.Орталық көшелерiндегi ағаштар, әлеуметтiк сала объектiлерiндегi және
өндiрiстiк салалар маңында ағаштар ақталды.
8. Жеңiс саябағына ағымды жөндеуi жасалды (ақталды, сырланды);
9. Газондар, қоқыстардан тазаланды, Мәдениет үйiнiң , ауыл әкiмi аппараты
ғимаратының, Новосельское ОМ, Спортпен денешынықтыру кешенiнен,
«Новосельское»ЖШС маңынан қоқыстар шығарылды;
10. Ауыл әкiмi аппаратының аумағының, НОМ, Жеңiс саябағы маңына
шыршалар отырғызылды;
11. Бар клумбаларға 100 шаршы метр, 70 шаршы метр газондарға гүлдер
отырғызылды;
12. 7 таза бейсенбiлер, 10 сенбiлiктер өткiзiлдi.
13. Әлеуметтiк сала және балалар алаңы аумақтарында шөптер шабылды.
14. Негiзгi шаруашылықпен келiсiлiп үш адам абаттандыру бойынша жұмыскер
ретiнде қабылданды.
Көгалдандыру жұмыстары ары қарай жалғастырылуда.
Құрметтi ауылдастар!
Жергiлiктi атқару органы алдында село тұрғындарының өмiр деңгейiн арттыру мақсаты тұр. Мен қойылған мiндеттердi атқаруға дайынмын, сiздердiң қолдауларыңызға және түсiнiктерiңiзге сенемiн. Бiрақ та ескертiп айтарым, әр отбасының жеткiлiктiгiне және ертеңгi күнде сенiмдiлiгiне, мықтылығына әр адам өзi жауыпты.
Назарларыңызға рахмет.