Құрметтi ауылдастар мен кездесуге келген қонақтар!
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өткiзiлетiн барлық деңгейдегi әкiмдердiң халықпен есеп беру кездесулерi елiмiздiң қоғамдық-саяси өмiрiн демократияландыру процесiнiң маңызды элементi болды. Олар атқарушы органдар үшiн нағыз емтихан болып табылады, өйткенi дәл осы жерде тұрғындар сол немесе өзге өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса өткiр мәселелерiн көтередi. Бұл атқарушы билiктiң халықпен ашық диалогы, ол Мемлекет басшысы талап еткендей, оның жауапкершiлiгi мен есеп берушiлiгiн арттыруға ықпал етедi.
Борисовка ауылының 2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ағымдағы 2019 жылға арналған әкiмнiң iс-қимыл бағдарламасы және алдағы перспективаға баяндауға рұқсат етiңiз.Ауылдың дамуындағы басты стратегиялық мақсат — ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамытумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
1. Халық саны.
Борисовка ауылында халық саны 1010 адам, оның iшiнде ер адамдар 515 адам, әйел адамдар — 495. Кеткендердiң саны -25 адам, келгендердiң саны -11 адам. 13 адам туылды, қайтыс болғандар саны — 10 адам. Өткен жылда көшiп қонудың сальдосы -11 адамды құрады.
Зейнеткерлер саны- 129 адам, мүгедектер саны -29 адам.
589 адам еңбеккеқабiлеттi, оның iшiнде «Аграрное» ЖШС — 100 адам, бюджеттiк салада — 62 адам, байланыс — 1 адам, пошта — 2 адам, энергетика саласында 4 адам, 185 адам өзiн-өзi қамтыған, басқа да жұмыстарда 390 адам жұмыс iстейдi.
2. Көлiк және байланыс.
Пошта бөлiмшесi жұмыс iстейдi. 2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында мерзiмдi басылымға жазылу 100% орындалды. Ауылда абоненттер саны 227 құрайды. Beeline, Kcell, Tele 2, Aktiv, Алтел ұялы байланыс қызметi де өз қызметiн атқарады.
Аудандық орталықпен тасымалды 3 жеке меншiк такси жүзеге асырады.
3. Ауыл шаруашылық.
2019 жылдың 1-шi қаңтарда ауыл аумағында 599 бас IҚМ, қойлар мен ешкiлер саны — 589 бас, жылқы — 97 бас, шошқа — 481 бас, 3397 — әр түрлi құстар бар.
2018 жылмен салыстырғанда IҚМ басы 9,7% — ға өстi, қой мен ешкi өзгерген жоқ, жылқы 1% — ға азайды, шошқа 1% — ға өстi.
Ауыл бойынша ауыл шаруашылық жерлерiнiң жалпы көлемi 38545 га, соның iшiнде егiстiк — 22845 га, жайылым — 10755 га, шабындық — 64 га, ауыл 3796.
Ауыл аумағында «Аграрное» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi орналасқан, ауыл шаруашылық жерлерiнiң көлемi 22412 га, соның iшiнде егiстiк — 18881га, жайылым — 3467га, шабындық — 64га. қамтиды.
Мал саның санағанда: IҚМ -243 бас, жылқылар — 178 бас.
Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң орташа жылдық саны 100 адам, орташа жалақы көлемi — 105437 теңге. Ең басты бағыты — өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы.
Егiстiк алқабы — 3004 га, сұлы — 394 гектар. Тiркелген жабдықтардың саны — 121 бiрлiк. 2018 жылы шығымдылығы 10,6 центнердi құрайды: бидай 10,4 ц / га, арпа — 11,8 ц / га, сұлы — 10,3 ц /га.
"Аграрное" ЖШС iс-шараларды өткiзуге: Наурыз мейрамына 50000 теңге, балаларды қорғау күнiне 35000 теңге, Жаңа Жылды өткiзуге 50000 теңге бөлiндi. Сондай-ақ, қарт адамдарды қолдау айлығы кезеңiнде «Аграрное» ЖШС 1 қазанда 350 000 теңге сомасына қайырымдылық түскi ас өткiздi.
Алынған субсидиялар: 37576,7 мың теңге, оның iшiнде гербицидтерге — 22999 мың теңге, инвестицияларға — 14577,2 мың теңге.
Тұрғындардан қоқысты шығару 420 тоннаны құрады. 513 млн. теңгеге өнiм сатылды. Инвестиция сомасы 351 млн. теңгенi құрады. Әлеуметтiк салада бөлiнген қаражат сомасы 6524,5 мың теңгенi құрады.
"Бастау" ЖШС ауыл шаруашылық алқабы 10742 га, о.i. егiстiк 3749 га, жайылым 6993 га. Егiлген бидай 1848 га, шығымдылығы 13,5 ц/га, арпа 352 га, шығымдылығы 19,3 ц/га, бұршақ 377 га, шығымдылығы 7,44 ц/га, судан шөбi 205 га, шығымдылығы 20 ц/га, сүрi жерлер 967 га.
4 шаруа қожалығы бар жалпы көлемдерi 629 га, осның iшiнде егiстiк — 266 га. Басты бағыты — өсiмдiк және мал шаруашылығы. Олардың иелiгiнде 70 бас IҚМ және 114 қой бар. 17 бас жылқы бар.
4. Әлеуметтiк инфрақұрылым
4.1 Бiлiм беру.
Ауыл аумағында «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмiнiң Борисовка орта мектебi» КММ орналасқан. Жаңа оқу жылында 150 оқушы бiлiм алуда. Оқыту тiлi — орыс.
Ұстаздар ұжымы 24 мұғалiмнен құралған. Мектеп интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныбы, лингофон-мультимедиялық кабинет, интерактивтi тақта бар.
бастауыш сынып Кабинетiнде (3,4-сыныптарда) электрондық құрал-жабдықтар бар: компьютер+интерактивтi тақта, кең жолақты интернетке қосылған.
Орыс тiлi, қазақ тiлi және физикасы кабинеттерiнде интерактивтi жабдықтар да бар. Мектеп «Kundelik» электронды оқыту жүйесiне қосылған.
2018 жылы он бiрiншi сыныпты 5 адам аяқтады,оның 1-i әскери борышын өтеуде, 3-i колледжге түстi, 1-i қазiргi уақытта үйде.
Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған, олардың 23 оқушысы жалпыға жаппай оқу қорынан тегiн, ал қалғандары ата-ана есебiнен тамақтанады.
Ауылда балаларды мектеп алды оқыту және тәрбиелеу қызметiн «Шаттық» шағын-орталығы атқарады.
Қызметкерлердiң саны 4, балалар алаңы да жабдықталған. Шағын- орталыққа — 20 бала барады.
2018 жылдың жазында, жылу беру кезеңiне қажеттi 330 тонна көмiр әкелiндi.
2018 жыл iшiнде Борисовка орта мектебiнде «Аграрное» ЖШС қаражаты есебiнен тереңдiгi 40 метр тереңдiк ұңғыма 450 мың теңге сомаға бұрғыланды, кiру тобы 80 мың теңге сомаға ауыстырылды, 30 мың теңге сомаға мектеп Газель автокөлiгiне қосалқы бөлшектер сатып алынды. Сондай-ақ желтоқсан айында «Аграрное» ЖШС қазандықта қазанды ауыстыруға 50000 теңге қаражат бөлiндi.
Барлық iс-шаралар Борисовка орта мектебiнде "Рухани Жаңғыру" ұранымен өтедi. Олимпиадаларға қатысады, бiлiм деңгейiн арттырады, оқытушылар курстарға, семинарларға қатысады, ашық сабақтар өткiзедi.
4.2 Денсаулық сақтау.
Ауылда медициналық қызмет көрсетудi дәрiгерлiк амболоториялық атқарады. Қызметкерлер саны 4 адам. Жыл сайын халықты флюорографиялық қараудан тексеру жүргiзiлiп отырады. Жоспар бойынша 563 адам, тексерiлгенi — 600 адам. Аналар мен балалардың өлiмi байқалмады. 2018 жылы жұмыспен қамту бөлiмi арқылы 1 адам ДА-ға пеш жағушы болып жұмысқа тұрды. Санитарлық-ағарту жұмыстары жүргiзiлуде. Жүктiлiктi ерте сатысында анықтау мақсатында. Ай сайынғы иммунопрофилактика жүргiзiледi.
Борисовка ауылы бойынша Damumed бал қосымшасына 280 абонент қосылған. 2018 жылы «Аграрное» ЖШС қаражаты есебiнен Борисовка дәрiгерлiк амбулаториясына 102,5 мың теңге сомаға жиһаз (картотека) сатып алынды.
4.3 Мәдениет.
Жастардың бос уақытын өткiзу үшiн «Аграрное» ЖШС-ны тегiн жалға беру қарастырылған. Түрлi мәдени шаралар өткiзiледi. 2018 жылы 140 мәдени-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi. Келушiлердiң саны — 1300 адам. Ауылдағы барлық мәдени шаралар «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтедi. ЖШС, ШҚ, ЖК, АМҮ, Борисовка ауылының әкiмi және мәдениұйымдастырушымен демеушiлiк көрсетiлдi.
«Аграрное» ЖШС қаражаты есебiнен Борисовка АМҮ үшiн 140000 теңге сомасына музыкалық аппаратура, 14000 теңге музыкалық аппаратураға қосалқы бөлшектер, 5000 теңге микрофон сатып алынды,3 тонна көмiр сатып алынды.
4.4 Ауылдық кiтапхана.
Кiтап қоры 29535 дана. Жыл бойы кiтапханада 6100 келушiлер болған. Оқырмандар саны 560 адам. Өткен жылда 62 iс-шара өткiзiлдi (дөңгелек үстелдер, кiтап көрмесi, викториналар). 62 баланы қамтыған 4 үйiрме жұмыс iстейдi. Ауыл аумағында «Нұр Отан» ҰДП партия ұйымы өз жұмысын атқарады, 7- адам зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетiлуде. Кiтапханада кiтап көрмелерi, шолулар, әдебиет, сабақ-әңгiме, сайыстар, шығармашылық кештер, көрмелер, көркем фильмдер мен ертегiлер, әдеби музыкалық кештер және басқа да iс-шаралар өткiзiледi.
74 партия мүшесi бар, ауылда атқарылып жатқан барлық iс-шаралардың ұйымдастырушы болып табылады.
4.5 Дене шынықтыру және спорт.
Ауылда сауықтыру өмiр салты бойынша және спортты дамытуда белгiлi бiр жұмыстар атқарылуда. Спорттан әдiскер болмаса да, ауыл жастары түрлi аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып жүредi. Атбасар ауданыңда Борисовка мектебi мектеп туризмi және өлкетану бойынша негiзi болып табылады. Хоккей корты да бар. Барлық спорттық iс- шараларының ортасы мектептiң спорт залы болып табылады.
БОМ-де аптасына 3 рет бокстан секция ұйымдастырылды. Атбасар қ. БЖСМ спорт мектебiнiң жаттықтырушысы.
Борисовка орта мектебiнде желтоқсан айында баскетболдан аймақтық жарыстар өттi. Жарыстан кейiн бiздiң команда Атбасар қаласында «Олимп» ФОК-да өткен баскетбол бойынша финалға шығып, 3 орынға ие болды.
5.Кәсiпкерлiк.
Ауылда шағын да орта бизнес дамуда. Кәсiпкерлiк экономикалық курстың өсiп келе жатқан күшi болып табылады. Ауылда 6 дүкен бар, 3 адам жолаушылар тасымалдайды, екеуi жазғы уақытта малдарды өрiске шығарады. Жеке кәсiпкерлер саны — 12 адам.
Кәсiпкерлiкпен айлысатындар саны — 16 адам.
2018 жыл бойы Борисовка ауылы Көкшетау қ, Астана қ, Атбасар қалаларындағы жәрмеңкелерiн өткiзу бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға белсене қатысты.
6.Көркейту.
2018 жылы көшелердi жарықтандыру бойынша электр энергияға жергiлiктi бюджеттен 211,8 мың тг. жұмсалды.
Көктемде және күзде абаттандыру бойынша айлықтар өткiзiлдi. Ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау мәселесi бойынша азаматтар жиыны өткiзiлдi, жиында iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Абаттандыру бойынша барлық жұмыстар бекiтiлген жоспарға сәйкес жүргiзiлдi.
«Аграрное» ЖШС және өз тракторларының иелерi күшiмен ауыл тұрғындарының үйлерiн шлактан, көң мен тұрмыстық қоқыстардан тазалау жүргiзiлдi.
Борисовка орта мектебiнiң, Дәрiгерлiк амбулаторияның және Мәдениет үйiнiң маңайында тазалық жұмыстары жүргiзiлдi. С.Клименко және Бейбiтшiлiк көшелерi бойынша қоқыс жиналды. Борисовка орта мектебiнiң аумағында 66 ағаш және бұта көшеттерi отырғызылды. «Аграрное» ЖШС ауыл орталығында шырша мен қайың ағаштарының 70 көшеттерi сатып алынды және отырғызылды. Ағаштар мен бұталар ақталды. Бейбiтшiлiк көшесi бойында ағаш отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi.
Ұлы Отан соғысының ескерткiштерiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
«Аграрное» ЖШС қиыршық тас төгiлдi, шұңқырларға жөндеу жүргiзiлдi.
Қыс мезгiлiнде «Аграрное» ЖШС механикалық тобының күшiмен ауыл көшелерiн қардан тазалау жүргiзiледi. Сондай-ақ 4 адам ауылда халыққа жолдарды қардан тазалау қызметiн көрсетедi.
7. Учаскелiк полиция инспекторының жұмыстары
Ауылда «Аграрное» ЖШС ғимаратындағы толық жабдықталған полиция учаскесi орналасқан.
8. Салықтар.
2018 жылға Борисовка ауылынан бюджетке жалпы салықтар 67152,7 мың теңге, соның iшiнде мемлекеттiк мекемелерден — 5463,4 мың теңге, ауыл шаруашылық құрылымдарынан — 60895,2 мың теңге, шаруа шаруа қожалықтары — 186,7 мың теңге, жеке кәсiпкерлерден — 607,2 мың теңге.
9. Борисовка ауылы әкiмi аппаратының қызметi .
2018 жылына «Борисовка ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ 37 өкiм шығарылды, әкiмнiң азаматтарды жеке қабылдауында– 8 адам болды, барлығы 7 жиналыс өткiзiлдi.
Борисовка ауылы аумағында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.
Проблемалық мәселе — жедел жәрдем машинасы.
10. 2018 жылға арналған мiндеттерi.
2019 жылы жоспарланған санаққа байланысты 516,8 мың теңге сомаға жаңа аншлагтар орнату.
Ауылымыздың берекесi мен тiршiлiгi, ауыл әкiмi аппаратының және шағын бизнес қожалықтар басшыларының, бюджеттiк ұйымдардың және тұтастай алғанда халықтар арасындағы ауызбiршiлiкке байланысты, бұл қабiлеттiлiк алдымызға қойылған мақсатқа жетуге мүмкiндiк бередi.
Сөзiмдi аяқтай келе, Сiздерге зор денсаулық, жақсылық тiлеймiн. Назарларыңызға рахмет.