"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер" республикалық конкурсы.

Конкурстың мақсаты-инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Конкурсқа барлық ниет білдірген тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады, оның ішінде жұртшылық өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар.

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

- қоғамдық бақылау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазанынан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады konkurs1424@mail.ru 2023 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06.

Дата публикации
02 октября 2023