2023 жылғы 24 қыркүйекте Атбасар ауданы ауыл, ауылдық округ әкімдерін төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауыл әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бастау сайлау округі
Бастау әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 805 азамат енгізілді, олардың 752 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Акишев А.Р. – 54 ; Ақылбаева Ж.С. – 61; Қайыржан А. –628.
1993 жылы туған, Бастау ауылдық округ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Бастау ауылында тұратын Қайыржан Азамат Бастау ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Макеевка сайлау округі
Макеевка әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 550 азамат енгізілді, олардың 501 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 34.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қаппасов Қ.Ж. – 36 ; Маратов А.М. – 370; Серікпаев Ә.Д. –41.
1992 жылы туған, Атбасар қаласының әкімнің орынбасары, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Атбасар қаласында тұратын Маратов Азат Маратұлы Макеевка ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Мариновка сайлау округі
Мариновка әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2114 азамат енгізілді, олардың 1929 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 20.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бахытжанов С.Р. – 224 ; Мұхамедьянов Е.К. – 1530; Сүлеймен А.Қ. –129.
1976 жылы туған, «Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімнің аппараты» КММ бас маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Мариновка ауылында тұратын Мұхамедьянов Ерлан Кәрібайұлы Мариновка ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Сергеевка сайлау округі
Сергеевка әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 951 азамат енгізілді, олардың 897 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 46.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Галимова Т.О. – 98 ; Қожахметов Қ.Қ. – 646; Талипова С.Н. 97.
1974 жылы туған, Сергеевка ауылдық округ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Сергеевка ауылында тұратын Қожахметов Қайрат Қабиденұлы Сергеевка ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45- бабына сәйкес 2023 жылғы 26 қыркүйектегі шешіммен 2023 жылғы 24 қыркүйекте сайланған Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы.