«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1т. сәйкесМемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
Жоғарыда аталған Заңның 32-бабының 2 т. бойынша мемлекеттiк қызметшiлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi, сондай-ақ аудан әкiмiнiң қаулысымен бекiтiлген, Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң регламентiнде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi белгiленедi.
Сонымен қатар, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс iстелетiн жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа тартылуы мүмкiн.
Осы жағдайларда мемлекеттiк қызметшi демалыс немесемереке күндерi жұмысқа тартылса, онда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 4т. сәйкес демалыс күндерi (сағаттары) берiледi немесе жұмысына өтемақы төленедi.
Атбасар ауданының
әдеп жөнiндегi уәкiлi
Ақылбаева Ж.С.