«100 нақты қадам» -Ұлт жоспарының кәсiби мемлекеттiк аппарат қалыптастыру жөнiндегi 12 қадамын iске асыру аясында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдептiлiк нормаларын және мiнез-құлық қағидаларын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» бекiтiлдi және қолданысқа 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже болып енгiзiлдi.
Әдеп кодексiнiң талаптары лауазым деңгейiне және өтiлiне байланыссыз барлық мемлекеттiк қызметшiлерге тиiстi. Кодекс мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiнде туындауы мүмкiн түрлi жағдайлар ескерiле отырып, мiнез-құлық стандарттарын реттейдi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлқы басқалармен қарым-қатынастың мүдделерiнiң қайшылығы туындаған жағдайда жүйеленедi.
Этика кодексiнiң нормаларын iске асыру үшiн тиiмдi көмектi этика жөнiндегi өкiл көрсетедi, оның қызметi Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы Ережемен реттеледi. Ережеге сәйкес Әеп жөнiндегi уәкiлдiң рөлi мен қызметi мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртiптiң сақталуын, олардың жауапкершiлiгiн арттыру, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақталуын қамтамасыз етуге жолданған. Мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтар мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, этикалық сипатта болатын жағдайларды шешуде әдеп жөнiндегi уәкiл консультация бере алады.
Әдеп жөнiндегi уәкiл өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Әдеп жөнiндегi уәкiл сондай-ақ, азаматтарға кеңес беру, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органда қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау функцияларын жүзегеасырады.
Айта кету керек, мiнез-құлық стандарттары жаңа сапалық деңгейге көтерiлiп, азаматтық қызметшiлерден жоғары жауапкершiлiктi, өзiн-өзi бақылау тәртiбiн талап етедi, бұл жалпыға ортақ мемлекеттiк қызметтiң имиджiне оң әсер етедi.
Атбасар ауданының
әдеп жөнiндегi уәкiлi
Ақылбаева Ж.С.