Құрметтi жұмыс берушiлер!
Қазақстан Республикасының 2016 жылы 06 сәуiрдегi «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» № 482-V, Заңының 28-бабынасәйкес,ағымды деректер және болжамды жұмыс орындарын деректербазасына енгiзу үшiн қажеттi бос жұмысорындары мен мамандықтарды әкiмшiлiк есепке алу мақсатында, жұмыс берушi мiндеттi:
1.Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Еңбек биржасы» Мемлекеттiк
интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде еңбек жағдайлары мен ақы төлеу көрсетiлген бос жұмыс орындары туралы мәлiметтердi жiберу;
2.Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Еңбек биржасы» Мемлекеттiк
интернет-ресурсы арқылы жұмыс берушi, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты толық көлемде беру;
3.Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан
бас тарту туралы жазбаша немесе «Еңбек биржасы» Мемлекеттiк интернет — ресурсы арқылы уақтылы (жұмысқа орналастыру үшiн жiберiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлау;
4.Жұмыс берушi — жеке тұлғаның қызметiнiң тоқтатылуына, не жұмыс берушi-заңды
тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушiнiң экономикалық жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соққан өндiрiстер және орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң төмендеуi жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 27-бабының 1-тармағында көзделген белгiленген квотаны орындау;
ҚР «Әкiмшiлiк бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шiлдедегi № 234- VКодексiнiң 2 тармақшасына сәйкес,«Уәкiлеттi органға бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар-жоғы туралы мәлiметтердi бермеу,уақтылы бермеу »1-тармақ«Қазақстан Республикасының халықты ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын мына түрде бұзылса:»98-бап ҚР халықты жұмыспен қамту заңнамасы бұзылса 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк)» 2 тармағына сәйкес, 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.