СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады.

           Экологиялық заңнаманың міндеттерінің бірі қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білімді насихаттау, орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық білім мен ағартуды дамыту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.

          Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі-меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын (тұрған) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнерлік алаңдар мен контейнерлер жоқ жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе,  сондай-ақ, меншік құқығында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау жөніндегі қызметтер, ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан контейнерлік алаңдар мен контейнерлер бар.

          Тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жария шарттар негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті өкілді орган бекіткен тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.

          Қызметін тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйені пайдаланған кезде осы Кодекске сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға міндетті.

       Жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер орталықтандырылған жүйеге жатпайтын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтерін пайдалану кезінде қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға шарт жасасуға міндетті.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өз бетінше әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер осы Кодекстің талаптарын сақтауға, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді және (немесе) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға міндетті.

          Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау мақсатында жеке шарт жасасу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.

Дата публикации
29 августа 2023