«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ, 2023 жылдың «07» қыркүйегінде, сағат 11:00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында: www.gosreestr.kz Атбасар ауданының коммуналдық меншiк объектiсiн кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткiзiлетiндiгi туралы хабарлайды.
Атбасар ауданының коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тендерге қойылады:
- Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Майкутов көшесі, 63Б мекенжайы бойынша орналасқан, 57,7 шаршы метр алаңымен бекітілген гаражы бар 671,1 шаршы метр алаңымен әкімшілік ғимарат. Салынған жылы: 1994. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiктi жарна — 270,24 теңге.
Тендерлік шарттар:
Кепiлдiктi жарна бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына салынады, «Қазақстан халық банкі» АҚ, KZ946017111000000330, БСК: HSBKKZKX, КНП:171, Кбе:16, төлем алушысы: «Ақпараттық — есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455.
Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
Тендер шарттарымен келісуді қамтитын өтінімге:
1) тендерге қатысушы қол қойған, мемлекеттік мүлік Тізілімінің арнайы бөлінген веб-бетіндегі электрондық конвертке жүктелетін Тендерлік ұсыныс;
2) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық ("PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі.
Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек және салықтық берешек туралы мәліметтердің болуы тізілім веб-порталының қатысушы өтінімінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Өтінімдерді ашу тізілімнің веб-порталы арқылы тендердің күні мен уақыты басталған кезде автоматты түрде жүргізіледі.
Тізілімнің веб-порталы қатысушылардың тендерге жіберілген тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды.
Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы мен жеңімпаз тендер өткізілген күні қол қояды.
Тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз мен құрылтайшының тендер талаптары мен жеңімпаздың ұсыныстары бойынша шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Шарт тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қойылады.
Тендердiң өткiзiлуi туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(71643) 2-64-16