Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын: Бастау ауылдық округі - Бастау ауылының шекарасындағы Бастау сайлау округі; Мариновка ауылдық округі- Мариновка ауылының, Адыр станциясының, Бейіс-Хазірет ауылының шекараларындағы Мариновка ауылының сайлау округі; Макеевка ауылдық округі - Макеевка ауылының, Шуйское ауылының шекараларындағы Макеевка сайлау округі; Сергеевка ауылдық округі – Сергеевка, Самарка ауылдарының шекараларындағы Сергеевка сайлау округі.
- Атбасар ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында және "Простор-Атбасар" аудандық газетінде олардың шекаралары мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округтерінің тізімі жариялансын.
Төрағасы Т.Боранбаев
Хатшысы С. Шарипова