Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 24 қыркүйекке Атбасар ауданының Бастау, Мариновка, Макеевка, Сергеевка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Атбасар ауданының Бастау, Мариновка, Макеевка, Сергеевка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Атбасар ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында және "Простор - Атбасар" аудандық газетінде жариялансын.
Төрағасы Т. Боранбаев
Хатшы С. Шарипова