"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттың шығыстарының мөлшері 1-3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдарда, теле-, радиоарналарда Жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері сайлаушылар саны 2000 адамға дейін
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты)– 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылар саны 2001-ден 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (округтегі елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты) – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.
Сайлаушылар саны 5000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты)– 50 000 (елу мың) теңге сомасында.