Отбасы банк «Дипломмен ауылға!» жобасын цифрлық форматқа ауыстырды

Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға!»  бағдарламасының қаржы агенті болып Отбасы банк (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды.

Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.

Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен – ауылға» жобасы цифрлық форматқа көшірілді. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

Азаматтардың инстанциядағы физикалық жорықтарын алып тастау Отбасы Банкінің мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялануы және Вlockchain технологиясын қолданудың арқасында мүмкін болды.

«Дипломмен – ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін оның қатысушысы otbasybank.kz порталда тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет.

Бағдарламаға кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтардан талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өту маңызды. Дәл осы тізім аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01% тең (ЖТСМ – жылдық 0,01% басталады).

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап –  мамандар ауылдық жерлерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық азамат алды. Енді бұл қарыздар «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде Отбасы банкінде қызмет көрсетілетін болады. Сондықтан, осы кредиттері бар қазақстандықтар төлемдерді уақтылы өтеу және одан әрі мерзімі өткен немесе өсімпұл есептелмеуі үшін Банктің клиенттері болуы қажет.

Банктің клиенттері бола отырып, олар несие шарттарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.

Банктің клиенті болудың бірнеше жолы бар:

- Otbasy bank мобильді қолданбасында көшіріп алып және оның көмегімен ағымдағы шот және депозит ашу;

- ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

- жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу арқылы.

«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуге үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне otbasybank.kz платформа арқылы да өтініш беруге болады.

Бір уақытта жәрдемақы мен бюджеттік несие алуға өтініш беруге болады.

«Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу күнін банк қосымша хабарлайды.

 

 

 

Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі

Дата публикации
19 апреля 2023