Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан халқының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда сағат 09.30-да Атбасар қаласында жаңадан сайланған Атбасар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына «Аудандық сайлау комиссиясының аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындылары туралы хабарламасы»  және басқа да мәселелер енгізіледі.

 

Атбасар  аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                   Т.Р.Боранбаев

Дата публикации
28 марта 2023