Атбасар ауданының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы

 Төрағасы: Ж. Г. Кәженов - Атбасар ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Қатысқандар: Атбасар ауданы әкімі аппаратының қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметтер және құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.

 

 

1

 

 

Қамбатыров Бірлік Төлегенұлы

 

 

-  Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы

2

Рахимов Нұржан Бектұрғанұлы

-  «Аманат» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары

3

Ермекбаева Мереке Серікпайқызы

-  «Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

4

Жәкішева Назгүл Әлімқызы

-  облыстық мәслихат депутаты, «Атбасар ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

5

Шайхин Өмірсерік Заманұлы

-  зейнеткер, «Атбасар – Простор» аудандық редакциясының ардагері

 

КҮН ТӘРТІБІ

            2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді көрсеткіштің орындалуын талдау;

            2023 жылғы 4 қаңтардан 27 қаңтарға дейінгі кезеңде рұқсат беру құжаттарының мониторингі кезінде анықталған бұзушылықтарға шолу;

            (Ақпараттандырады: Г.С.Байкенова - Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы).

            Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Г. Кәженов ашып, жүргізді.

            Сөз сөйлегендер: Г. С. Байкенова - Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы).

            Сөз соңында қоғамдық кеңес мүшелерінің пікір алмасуы өтті.

            Сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

            Қоғамдық кеңес ұсынды:

  1. Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы тұрақты негізде хабардар етуді жүргізу.
  2. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыру – онлайн.
Дата публикации
17 марта 2023