«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 145 325 теңгеден 166 933 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауыл, ауылдық округ аппаратының іс қағаздарын жүргізу, нотариаттық іс-әрекеттерді орындау. ТӨБЕА ААЖ базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ТӨ статесебін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды есепке алу және қабылдау журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне байланысты хат-хабарларды жүргізу. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу.
Блок-С грейд-1.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы техникалық және кәсіптік білім немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе көрсетілетін қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.