|
|
Қазақстан Республикасы |
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы өтінішті келіседі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Азаматтарды әскери қызметке |
|
|
Нысан |
|
|
Әскерге шақыру |
|
|
комиссиясының төрағасына |
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
|
|
мекенжайы бойынша тұратын |
|
|
____________________________ |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
|
(ол бар болған кезде) |
|
|
телефон ____________________ |
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ (көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)
бейбіт уақытта мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуыңызды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
құжаттарын қосамын.
Күні _________________
Қолы ______________
|
|
"Азаматтарды әскери қызметке |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға; 2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға; 3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға; 4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге; 5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге; 6) ғылыми дәрежесі барларға; 7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне. |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: 1 наурыздан 30 маусымға дейін; 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz; 2) www.egov.kz порталында орналастырылған. |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі; 2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; 3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі; 4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аударманы жасаған аудармашының мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармашысының нотариалды куәландырылған қолының түпнұсқалылығы не нотариалды куәландырылған қолының түпнұсқалығы); 5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 6) ғылыми дәрежесі барларға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі; 7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі. |
||
|
9 |
ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің болмауы. |
||
|
10 |
Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады. |
||
|
|
"Азаматтарды әскери қызметке |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
||
|
|
(ол бар болған кезде) |
|
||
|
|
_____________________________ |
|
||
|
|
(көрсетілетін қызметті |
|
||
|
|
алушының мекенжайы) |
|
||
Әскерге шақыру комиссиясының мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытындысы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес ______________________
_________________________ Сізге әскери қызметке шақырудан босату берілді.
(босату себебі)
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы _________________________
______________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
|
|
"Азаматтарды әскери |
|
|
Нысан |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық болмауына байланысты Сізді бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босатудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
__________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________