|
|
Қазақстан Республикасы |
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Әскери қызметке шақыруды |
|
|
Нысан |
|
|
Әскерге шақыру |
|
|
комиссиясының төрағасына ____________________________ |
|
|
____________________________ |
|
|
мекенжайы бойынша тұратын |
|
|
____________________________ |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
|
(ол бар болған кезде) |
|
|
телефон ____________________ |
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)
әскерге шақыруды кейінге қалдыруды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
құжаттарын қосамын.
Күні _________________
Қолы ______________