2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Атбасар аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1)тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен  бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығының негізінде Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы окруктік, учаскелік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.  
  3. Осы қаулы Атбасар аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Дата публикации
21 января 2023