Атбасар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Атбасар аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 29 Атбасар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар аудандық мәслихатты депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Атбасар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Атбасар аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Атбасар аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және Prostor- Атбасар газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Дата публикации
29 декабря 2022