«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: бюджеттік өтінімдер мен бағдарламаларды жасайды, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді; бюджеттік бағдарламалар бойынша Атбасар қаласының әкімі үшін талдамалық анықтамалар мен ақпараттар дайындайды. Мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру. Атбасар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша анықтамалар мен ақпараттар дайындау.
Блок - В, грейд – 3.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған кезде орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік біліммен жол беріледі.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электрондық түрде не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмелері.
Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына енетіндер.
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.
Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсынған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде куәландырған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіппен немесе пошта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Құжаттардың толық топтамасы электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына ұсынылған жағдайда қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
Құжаттардың толық емес топтамасын, не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына он сегіз жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарындағы лауазымдарға үміткер кандидаттар екі жүз сөзден аспайтын бір эссе жазады, Конкурстық комиссия айқындайтын тақырыптардың біріне конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен кандидатты таңдауға мемлекеттік немесе орыс тілінде. Эссені комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшада айқындалған параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану) өз қаражаты есебінен жүргізеді.