«Дипломмен ауылға» жобасы

«Дипломмен ауылға» жобасы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көздейді (2022 жылға АЕК – 3 063 теңге, 100 АЕК – 306 300 теңге, 1 500 АЕК – 4 594 500 теңге).

Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Дипломмен ауылға» жобасының басында әлеуметтік қолдау тек әлеуметтік сала мамандарына көрсетілді: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, төлем мөлшері аз болды: көтерме жәрдемақы – 70 АЕК, бюджеттік кредит – 630 АЕК. Кейіннен енгізілген өзгерістердің нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіле бастады, ал 2020 жылдан бастап басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Бұған дейін әлеуметтік қолдау шаралары 2009 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдарға келу фактісі болған барлық ниет білдірген мамандарға көрсетілетін. Енді аудан әкімі бекіткен сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Тізбеде көтерме жәрдемақы және алдағы кезеңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі. 2022 жылға бекітілген тізбе Халыққа қызмет көрсету орталығында бар, сондай-ақ сайтта орналастырылған «www.gov.kz» (сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/documents/details/248979?lang=kk).

Жоғарыда айтылғандардан басқа, мамандар тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие алу үшін мыналарды білуі керек:

1) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушыларынан), балаларынан (оның ішінде асырап алғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен (қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ маман тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға пайдалануға;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілген құжаттарды қарау кезінде бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен мамандарға берілмейді.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман-көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация (ХҚО) арқылы ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушіге («Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9, 452 каб. мекенжайы бойынша ұсынады ХҚО арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні.

 

 

«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дата публикации
20 октября 2022