Аудан әкімі – Қалжанов Аманбек Әмирхамзаұлы, осы лауазымда 2017 жылғы 20 қарашадан бастап жұмыс істейді.
Халық саны 2022 жылғы 1 тамызға - 46 017 адам.
Ауданының аумағында аудандық маңызы бар 13 ауылдық округтер, қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 19 млрд. 162 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңнің 12,2% – на Жоғары (2021 жылы-17 млрд.078 млн. теңге).
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,8% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 134,6 құрады%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 66 млрд. 045 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 54,5% - ға жоғары (2021 жылы 42 млрд. 751 млн. теңге).