«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 04 мамырға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен осы мерзім аяқталғанға дейін), «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. ЖСҚ техникалық шарттармен, қорытындылармен және басқа да қажетті құжаттармен қамтамасыз ету. Құрылыс жобаларының іске асырылуына, құрылыс тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Бөлімнің кадрлық ісжүргізуін жүргізу. Әкімдіктің басқа бөлімдерімен, жобалау ұйымдарымен жобалауға арналған құжаттар мен тапсырмаларды әзірлеуде өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға қатысу. Бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.   

Блок-В, грейд-3.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды салу немесе өндіру) саласындағы осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған кезде орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім алуға жол беріледі), құқық (құқықтану).

Дата публикации
14 октября 2022