«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, «Е-R-2» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы жетекшілік ету. Сәулет, қала құрылысы және бағдарламаларды іске асыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыру. Аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларының қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік тұрғын үй саясатын шешу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу. Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Халықты және кәсіпкерлік субъектілерін сәулет қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың нормаларын, мемлекеттік нормативтерді және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамаларын хабардар ету және олардың сақталуы бойынша мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыру;
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Есептерді жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсыну бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.
Блок-А, грейд-6.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастра) немесе құқық (құқықтану) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия), өнер (сәулет) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (құрылыс) саласындағы жоғары немесе жоғары білім.