«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

  «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

"Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 04 мамырға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен осы мерзім аяқталғанға дейін), "Е-R-4" санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. ЖСҚ техникалық шарттармен, қорытындылармен және басқа да қажетті құжаттармен қамтамасыз ету. Құрылыс жобаларының іске асырылуына, құрылыс тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Бөлімнің кадрлық ісжүргізуін жүргізу. Әкімдіктің басқа бөлімдерімен, жобалау ұйымдарымен жобалауға арналған құжаттар мен тапсырмаларды әзірлеуде өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға қатысу. Бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.   

Дата публикации
07 октября 2022