Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылға арналған жұмысы ЖОСПАРЫ

№

Ісшараның атауы

Өткізу күні

Жауаптылар

1

Мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметтегі шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына қатысты мониторинг жүргізу, кейіннен мүдделер қақтығысын, этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және реттеу жөніндегі практикалық құралдарды әзірлеу

тоқсан сайын

Атбасар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі,

ауылдық округ әкімдері

 

2

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, жұртшылықтың сөз сөйлеуін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және "тікелей желілерге" қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

тоқсан сайын

Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, ауылдық округ әкімдері

 

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау, мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарлануын бағалау, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу

3 тоқсан

Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, ауылдық округ әкімдері

 

4

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізімдеріне түгендеу жүргізу

тоқсан сайын

Атбасар ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖжТҮИ бөлімі

5

Пайдаланылмай жатқан, заңнаманы бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша мониторинг жүргізу

тоқсан сайын

Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі,

ауылдық округ әкімдері

 

6

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымы алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу жоспарын бекіту

қаңтар

Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі

7

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу

тоқсан сайын

Атбасар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі,

ауылдық округ әкімдері

 

Дата публикации
27 сентября 2022