«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізу. Мал шаруашылығы бойынша ауылдық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы жұмысын талдау және аумақтарды дамыту бағдарламасын жасауға қатысу. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ғылыми ұйымдардың, асыл тұқымды шаруашылықтардың қызметкерлерімен іскерлік кездесулерін ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ғылым мен озық шаруашылықтардың жетістіктері туралы, мал шаруашылығы өнімдеріне, асыл тұқымды мал басына және көрсетілетін қызметтерге нарықтық бағалардың коньюктурасы туралы ақпаратты тұрақты жеткізу. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы бойынша есептерді, есептіліктерді жасау және оларды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.

Блок-А, грейд-4.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес (агрономия немесе аграрлық техника немесе технология немесес мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы) білімі барларға немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) рұқсат етіледі.

Дата публикации
14 сентября 2022