«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу, аудан бюджетін нақтылау және түзету. Ауданның бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есеп. Бюджеттік даму бағдарламаларының тиімділігіне бағалау жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық бюджетті құру және орналастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру

Блок-В грейд-3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. (экономика, мемлекеттік өзін өзі басқару,  есепке алу және аудит немесе қаржы)

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Дата публикации
09 августа 2022