Аудан әкімі – Қалжанов Аманбек Әмирхамзаұлы, осы лауазымда 2017 жылғы 20 қарашадан бастап жұмыс істейді.
2022 жылғы 1 маусымға халық саны - 46 017 адам.
Ауданының аумағында аудандық маңызы бар 13 ауылдық округтер, қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд.650 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінің 3% – ына төмен (2021 жылы-14 млрд. 077 млн. теңге).
Облыс көлемінде аудан өнеркәсібінің үлесі 1,7% - ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 127,8% құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 млрд. 185 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 20% - ға жоғары (2021 жыл 7 млрд. 668 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 103,1% құрады.