«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

          «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-R-1, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлім қызметін ұйымдастыру. Құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуын және құрылыс жобаларының іске асырылуын бақылау, бөлім қызметіне қатысты аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардың және өзіне меншікті құжаттардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің стратегиялық жоспарын орындауды қамтамасыз ету. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

Блок – A, грейд-7

          Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс немесе құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының өндірісі)  саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Келесі құзыреттіліктердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Дата публикации
01 августа 2022