2022 жылғы 31 шілдеде Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

          Атбасар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

                                        Борисовка сайлау округі

                                        Борисовка ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 633 азамат енгізілді, олардың 609-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-40.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлімжанова Г.Ө. - 42; Темірбеков Ж.Ө. – 28; Тұшымбеков М.Р.– 490.

Борисовка ауылы әкімі болып Тұшымбеков Мырзахан Рахимбекұлы сайланды, 1968 жылы туған, Борисовка ауылы әкімі, Атбасар ауданы Борисовка ауылында тұрады, "AMANAT" партиясымен ұсынылған.

 

                                         Тельман сайлау округі

                                         Тельман ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 648 азамат енгізілді, олардың 455-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 6.

           Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әдепбаева Қ.Қ. – 196; Алтыбаева З.Х. – 2; Баженова Ә.М. – 2;

Гейдт О.В. – 239

Тельман ауылдық округінің әкімі болып Гейдт Оксана Владимировна сайланды, 1979 жылы туған, Тельман ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, Атбасар ауданы Тельман ауылында тұрады. Өзін  өзі  ұсынған.

 

           Атбасар аудандық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 01 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 31 шілдеде сайланған Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

                                                         Атбасар аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 августа 2022