«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. "Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, "Е-G-3" санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 168557 теңгеден 193 645 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ауылдық округ, ауыл аппаратының іс қағаздарын жүргізу. ЕУОЛ ААЖ базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ОЛ статистикалық есебін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау және есепке алу журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен байланысты хат алмасуды жүргізу. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа міндеттерді орындау.

Блок- С грейд-2.

Дата публикации
26 июля 2022