«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданғанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. "Атбасар ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-R-1, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлім қызметін ұйымдастыру. Құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуын және құрылыс жобаларының іске асырылуын бақылау, бөлім қызметіне қатысты аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардың және өзіне меншікті құжаттардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің стратегиялық жоспарын орындауды қамтамасыз ету. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

Блок – A, грейд-7

Дата публикации
21 июля 2022