2022 жылғы 26 маусымда Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Покровка сайлау округі
Покровка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 849 азамат енгізілді, олардың 812-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ақылбаев Э.К. - 713; Алтыбаева З.Х. – 38; Бахтина С. В. – 47.
Покровка ауылдық округінің әкімі болып Ақылбаев Эльнар Қуанышбекұлы сайланды, 1983 жылы туған, "Ақылбаев" ЖК басшысы, Атбасар ауданы Атбасар қаласында тұрады, "AMANAT" партиясымен ұсынылған.
Полтавка сайлау округі
Полтавка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 643 азамат енгізілді, олардың 562-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 27.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байтұрова Г. Д. – 500; Темірбеков Ж. О. – 24;
Полтавка ауылдық округінің әкімі болып Байтұрова Гюзаль Дулатқызы сайланды, 1986 жылы туған, "Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры, Атбасар ауданы Атбасар қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 27 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 26 маусымда сайланған Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы