Атбасар қаласы (аудандық маңызы бар қала) деңгейінде бес институционалдық реформаны іске асыруға сәйкес 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде азаматтардың тиісті бюджеттердің (жергілікті қоғамдастық) жобаларын талқылауға қатысу тетіктерін енгізу көзделген.
Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз қаласын дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бюджеттің жаңа деңгейі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен қалыптасатынын атап өткен жөн:
- төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;
- жеке тұлғалардың мүлік салығы;
- жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы;
- жер салығы;
- аудандық маңызы бар қала аумағы арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер.
Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджет халықтың елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау және тағы басқа жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл нәтижесінде адамдардың өмір сүру жағдайларын және елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал етеді.