Орналасқан жері: 020400, ҚР, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 26, телефон 87164353204, 87164379067.
Кәсіпорын қызметінің қысқаша сипаттамасы:
мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру, халықтық әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді насихаттау; перспективалық даму жоспарларын құру, ауданда конкурстар, байқаулар, концерттер және басқа да іс-шаралар өткізу және облыстық іс-шараларға қатысу.
Функционалдық міндеттері:
- көркемөнерпаздар және әуесқой шығармашылық ұжымдардың, үйірмелердің, студиялардың жұмысын ұйымдастыру және құру, мәдениет үйін басқаруды жүзеге асыру;
- фестивальдерді, тұсаукесерлерді, концерттерді, байқауларды, көркемөнерпаздар байқауларын, көрмелерді, онкүндіктерді, мәдениет күндерін, театрландырылған мерекелерді, мәдени-сауықтыру және спорттық іс-шараларды, бағдарламалар шоуларын, карнавалдарды, салттарды ұйымдастыру және өткізу;
- көркемөнерпаздар жетекшілеріне арналған әдістемелік материалдар мен ұсыныстар дайындауды ұйымдастыру;
- жастардың, жасөспірімдер мен балалардың бос уақытын, демалысын және ойын-сауығын ұйымдастыру, бос уақытты ұтымды пайдалану және халықтың әртүрлі топтарының қарым-қатынасы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, Кинофильмдер көрсету, Әуесқойлық бірлестіктерді, қызығушылықтар бойынша клубтарды, дискоклубтарды дамыту;
-мәдени-демалыс, концерттік қызмет, салттарды өткізу, қойылым жұмыстарын орындау, сценарийлер әзірлеу, режиссура, көркем, музыкалық, жарықпен безендіру бойынша халыққа ақылы қызметтер көрсетуді ұйымдастыру;
- театрландырылған мерекелер мен көпшілік мерекелердің сценарийлерін, аудандық байқаулардың, байқаулар мен фестивальдердің ережелерін ұйымдастыру және әзірлеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
педагогикалық ғылымдар, Өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, Қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басқарушылық персонал лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
ҚР Конституциясын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы"заңдарын білу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен ғылыми жарияланымдар атақтарын беру туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын "Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 26, телефон 87164353204, 87164379067 тапсырады.
Жеке тұлғалар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетін жерге келу және қайту, тұру және т.б.) өз қаражаты есебінен жүргізеді.
"Атбасар ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және
спорт бөлімі" ММ