Атбасар аудандық мәслихаты депутатының мандатын беру және С.П.Белинскаяны мәслихат депутаты ретінде тіркелу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 111 – 1 бабының 6 – тармағына сәйкес және «AMANAT» партиясы Атбасар аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 008 PQ қаулысы негізінде Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
- Мәслихат депутаты М.Д. Жапаров өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Светлана Петровна Белинскаяға берілсін.
- Атбасар аудандық мәслихатының депутаты ретінде 1973 жылы туған, орыс, Ақмола облысы Білім басқармасы "Атбасар қаласының № 2 арнайы мектеп - интернаты" КММ- нің директры, Атбасар ауданы Атбасар қаласында тұратын Белинская Светлана Петровна тіркелсін және оған куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.
- Атбасар аудандық мәслхатының депутаты С.П.Белинскаяның тіркелгені туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.