Атбасар аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 3 ҚАУЛЫСЫ

Атбасар  аудандық  мәслихаты  депутатының  мандатын  беру  және   В.В.Кулибабаны   мәслихат  депутаты  ретінде  тіркелу  туралы

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының  Конституциялық  заңының  111 – 1 бабының 6 – тармағына  сәйкес   және  «AMANAT»   партиясы Атбасар аудандық  филиалы Саяси  кеңесі Бюросының  2022  жылғы  22 сәуірдегі № 007 PQ  қаулысы  негізінде  Атбасар аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясы   ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ :

  1. Мәслихат депутаты А.М. Бегалинов  өкілеттігінің  мерзімінен  бұрын  тоқтатылуына  байланысты  мандат Владимир Владимирович  Кулибабаға берілсін.
  2. Атбасар аудандық мәслихатының   депутаты  ретінде 1994 жылы туған,орыс,  «Аз Бөгембай» ЖШС-ның директоры, Атбасар ауданы Атбасар қаласында тұратын Кулибаба Владимир Владимирович тіркелсін  және оған   куәлік пен  төсбелгі тапсырылсын.
  3. Атбасар аудандық мәслхатының депутаты  В.В.Кулибабаның тіркелгені  туралы хабарлама  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялансын.

 

Дата публикации
28 апреля 2022