«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. "Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, "Е-G-3" санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Халықтан салық жинау. Халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс, әлеуметтік карталарды жүргізу. Кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаларды орындау бойынша жұмыс, атаулы әлеуметтік көмек бойынша ұйымдастыру жұмысы.  Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа міндеттерді орындау.

Блок-В грейд-3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе білім беру немесе Гуманитарлық ғылымдар немесе Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, немесе экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария

             Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Дата публикации
07 апреля 2022