«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, облыстық Қазынашылық басқармасы арқылы жүзеге асырылатын бухгалтерлік есепті, операцияларды есепке алуды жүргізу. Аудандық қаржы және экономика бөлімімен шығындар сметасын орындау мен бюджеттік қаражаттардың мақсатты орындалуы бойынша өзара әрекеттесу. Қаржылық жылға бюджеттік өтінімді құрастыруға қатысу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру, соның ішінде электрондық сатып алу арқылы. Бөлімнің есеп беруін жүзеге асыру. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
В-блогы, 4-грейд.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы оқу орнынан кейінгі немесе жоғарғы, орта білімнен кейінгі немесе мемлекеттік лауазымдарда бір жыл жұмыс өтілі бар техникалық және кәсіби білімінің болуы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы нақты осы санаттағы функционалдық бағыттарға сәйкес екі жыл жұмыс өтілінің болуы
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.