Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атбасар ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7157 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ө.Қуатбековке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.